500-ге жуық отандастарымыз шетелден ПТР-тестсіз келген - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
500-ге жуық отандастарымыз шетелден ПТР-тестсіз келген

500-ге жуық отандастарымыз шетелден ПТР-тестсіз келген

Халықаралық рейстермен 484 қазақстандық ПТР-анықтамасыз келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

  • 7 Ақпан 2021
  • 15
Фото - Caravan.kz

2021 жылдың 6 ақпанында Қазақстанға 17 халықаралық рейс келді, оның ішінде: Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ, Беларусь және Өзбекстаннан.

2 099 жолаушының 1 615-інің ПТР-тесті теріс нәтиже көрсеткен. 484 азамат анықтамасыз келген.

Оның ішінде:

Алматы әуежайына — 9 рейс келді, 1 350 жолаушы, анықтамамен — 1 049, анықтамасыз — 301;

Нұр-Сұлтан әуежайына — 6 рейс, 431 жолаушы, анықтамамен — 355, анықтамасыз — 76;

Ақтөбе әуежайына — 1 рейс, 232 жолаушы, анықтамамен — 125, анықтамасыз — 107;


Шымкент әуежайына — 1 рейс, барлық 86 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары ПТР-тест тапсырды, олар карантин стационарында өз нәтижелерін күтіп жатыр.