51 жастағы әйелді аяусыз өлтіріп, қызын зорлаған қылмыскерлер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 511.59
  • 575.28
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
51 жастағы әйелді аяусыз өлтіріп, қызын зорлаған қылмыскерлер ұсталды

51 жастағы әйелді аяусыз өлтіріп, қызын зорлаған қылмыскерлер ұсталды

Астанада 51 жастағы әйелді аяусыз өлтіріп, қызын зорлап кеткен қылмыскерлер құрықталды. Жантүршігерлік оқиға жаңа жыл мерекесі алдында болған.

  • 11 Қаңтар 2013
  • 302
Фото - Caravan.kz


Алдымен қос қарақшы егде тартқан әйел және оның қызы төртеуі қосыла  спирттік ішімдік ішіп, барынша көңіл көтеріпті. Ащы суға сылқия тойып алған соң қаскөйлер аяқ астынан бөтелкелес әйелге жұдырық ала жүгірген. Аямай соққыға жығып, сол жерде қорлап өлтіреді. Көзіне қан көрінген екеу мұнымен тоқтамай марқұмның 30 жастағы қызын оқиға орнында зорлап, тайып тұрған. Алайда, алысқа ұзай алған жоқ. Тәртіп сақшылары оларды Елорданың шеткі аудандарының біріндегі үйде жасырынып жатқан жерлерінен құрықтады.Күдіктілердің бірі 23 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тумасы, 24-тегі екіншісі Шымкенттен келген екен.