"5-10-20" бағдарламасы бойынша баспаналы болудың шарттары аталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"5-10-20" бағдарламасы бойынша баспаналы болудың шарттары аталды

"5-10-20" бағдарламасы бойынша баспаналы болудың шарттары аталды

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ өкілдері "5-10-20" бағдарламасы бойынша баспаналы болғысы келетін қазақстандықтар не білуі тиіс екенін айтты.

  • 13 Мамыр 2020
  • 940
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы банк басқармаасының төрағасы Ляззат Ибрагимова айтып берді.

несие мөлшерлемесі — 5 пайыз;

алғашқы жарна — 10 пайыздан;

несиелеу мерзімі — 20 жылға дейін.

"Пилоттық жобаның қатысушысы әкімдікте баспана мәжбүр қазақстандықтардың тізімінде тұруы мүмкін. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 1 қаңтардағы жағдай бойынша кезекте 540 мың адам тұр, олардың ішінде: 212,5 мыңы — мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметкерлер; толық емес отбасы санатындағылар — 120,5 мың адам, жетім балалар — 60,8 мың, көпбалалы отбасылар — 47,8 мың мүгедек балалары бар отбасылар — 21,1 мың адам, зейнеткерлер — 18 мың және тағы басқа санаттағы 16 мың адам бар", — деді Ибрагимова.


Банк басқармасының төрағасы несиенің максимал сомасы әр өңірге байланысты:

  • Нұр-Сұлтан, Алматы және осы қалалардың шет аумақтарының тұрғындары үшін 18 миллион теңгеден аспайды;
  • Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан және Қарағанды облыстарының тұрғындары үшін 15 миллион теңгеден аспайды;
  • Қалған өңірлер үшін 12 миллион теңгеден аспауы тиіс.

Ибрагимова бұл бағдарлама бойынша тұрғын үйлер тек жылдың соңына қарай берілетінін айтты.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда жаңа "5-10-20" тұрғын үй бағдарламасы іске қосылатыны хабарланған еді. Президенттің айтуынша, биыл Қазақстанда 15 миллион шаршы метр құрылыс нысаны мен 150 мың пәтер пәтер салу жоспарланып отыр.