5:32 -нің актері Әбілмансұр Серіков: “Өтірік айтпаймын ставка қойдым, карта ойнадым. Қадалдым” - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
5:32 -нің актері Әбілмансұр Серіков: “Өтірік айтпаймын ставка қойдым, карта ойнадым. Қадалдым”

5:32 -нің актері Әбілмансұр Серіков: “Өтірік айтпаймын ставка қойдым, карта ойнадым. Қадалдым”

Соңғы уақытта экранға жол тартқан танымал сериал "5:32"-нің танымал актері Әбілмансұр Серіков "TalkLIKE" бағдарламасына келіп сұхбаттасты.

  • 13 Желтоқсан 2021
  • 445
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Барлық сұраққа ашық жауап берген Әбілмансұр Серіков өзінің бұрынғы некесі жайлы да баяндап берді.

— Сериалға түсерден алдын рөліңді кіммен ақылдасасың? 
— Көбінесе режиссермен ақылдасамын. Ол өзі мынаны көрші саған келетін сияқты. Мына кітапты оқышы қалай екен? ,- деген сияқты ұсыныс айтады. Үйдегілер менің рөл таңдауыма немесе шығармашылығыма араласпайды. Жалпы мен рөлді сомдауым үшін, ол образға кіруім керек. Мысалы игроктың рөлін ойнардан алдын маған азарт керек болды. Өтірік айтпаймын ставка қойдым, карта ойнадым. Сол атмосфераны сезінгім келді. 80.000 теңге ұтылдым. Ашуым шықты және мен сезіндім.

— Әкең сенің қай түскен киноңнан кейін келіп қолыңды алды?

— "Балалық шағымның аспаны" фильмінің тұсаукесері болғалы жатқан. Үйге шақыру келді. Мама барасыздарма деп едім, әкең барамын деп жатыр,-деді. Іштей бір түрлі сезім болды. Бірінші рет барайын деп жатыр. Содан бәріміз залға кірдік әкем қасымда отырды. Бір кезде тақымын қысып отыр әкем. Соны сездім, бір кезде менің сахналарым келді. Байқап қалдым сол жерде әкем жылап отыр екен. Сосын менде жыладым. Сол кинодан соң әкем менің қолымды алған.

— Махаббаттан жолың болды ма? Екі рет некелестің…

-иә, жолым болды. Бірінші әйеліммен 6 жыл тұрдым. Бірақ әйеліме қатты суып қалдым. Конфликт болды өте үлкен. Үйленгеннен соң жарты жылдан соң сол конфликт басталды. Араға алты жыл салып ажырасуға шешім қабылдадым. Екі балам бар еді. Олармен қазір қарым-қатынасым жақсы. Оларға тәрбие бере алмай жатқандығыма қатты қынжыламын. Сол ғана мені ойландыратын.