54 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
54 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды

54 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды

2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) 54 мың отбасындағы 290,6 мың адамға 30,3 млрд теңге сомасында тағайындалды.

  • 23 Желтоқсан
  • 4
Фото - Caravan.kz

Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 98,4 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

АӘК мыналарды көздейді:

— табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;

— табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 90,5 мың балаға 3,7 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;

— жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.

Перейти к новостям спорта