56 жылдан кейін Міржақыптың денесін қазған зерттеушілер ерекше жайтқа куә болған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
56 жылдан кейін Міржақыптың денесін қазған зерттеушілер ерекше жайтқа куә болған

56 жылдан кейін Міржақыптың денесін қазған зерттеушілер ерекше жайтқа куә болған

56 жылдан кейін Міржақыптың денесін қазған зерттеушілер ерекше жайтқа куә болған...

  • 16 Қыркүйек 2022
  • 187
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы turkystan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ХХ ғасырдың басында «Оян, қазақ!» деп жар салып, патшаның отарлық саясатына қарсы шыққан Міржақып Дулатұлы ұлтының қамын жеп, басын бәйгеге тікті. Ол – ақын ғана емес, еліне адал қызмет еткен қайраткер. Зерттеушілер, ақынның туғандары асыл азаматтың сүйегінің қай қиырда қалғанын білмейтін. Өйткені ақын жат елде жерленген болатын. Abai арнасының «Дәуір даналары» бағдарламасында зерттеушілер ақынның бейіті қалай табылғанын, денесін қазған кезде ерекше жайтқа куә болғанын айтты.

Ақынның қазақ деп соққан жүрегі 1935 жылы Карелия жерінде мәңгіге тоқтаған еді. Сөйтіп, арда азаматтың сүйегі жарты ғасырдан астам уақыт жат жерде қалды. Тек 1992 жылы Міржақып Дулатовтың қызы Гүлнар апайдың тапсыруымен Алаш арыстары туралы деректер жинау үшін жас ғалым Марат Әбсемет Сосновец станциясына аялдайды.

«Бір орыс әйел тұр екен. Қарап тұрып «Сіз қазақ емессіз ба?» деді. «Қазақпын» дедім. Қазақ ақыны бар еді, Давлатов деген. Дулатовты айтып тұр ғой. «Иә, бар» дедім. Сол кісі осы жерде лагерьде дәрігер болған деді. Кейін оны осы жерге жерлеген деп айтты», – дейді міржақыптанушы, тарих ғылымдарының докторы Марат Әбсемет.

Сөйтіп, Алаш арысының бейіті табылып, оны алып келуге Қазақстаннан бірнеше адам аттанды. Соның бірі – режиссер, зерттеуші Қалила Омар. Мәйітті қайта қазуға барған режиссер Қалила Омар Міржақыптың бас сүйегінің жағы елге әкелгенде бірақ ажырағынын айтады.


«Жағың ажырамай, жамандық көрме деген сөз бар қазақта. Мұны бұрын түсінбейтін едім. 56 жылдан кейін Міржақыпты қазып алған кезде, бассүйегін. Шашы қап-қара, тіп-тік. Бассүйекті алып қойған кезде, мақтамен көмкеріп аппақ киізге. Мен айттым осылай жасаймыз деп. Қойған кезде жағы ажырады. Міржақып киелі адам ғой. Бөтен елде қанша жыл жатып, туған жеріне келіп, кіндік қаны тамған жерге әкелгенде жағы ажырады. Сөйтіп, Міржақыпты жерледік», – дейді зерттеуші Қалила Омар.

Гүлнар Міржақыпқызы тектіден қалған жалғыз тұяқ еді. Міржақыптың балалары жастай шетінеп кетті. Оған бес бала: үш ұл мен екі қызға әке болуды жазған екен. Содан тірі қалғаны осы Гүлнары ғана. Ол әке аманатына адал болды.

Міржақып Дулатұлы

Фото: juldyz.info
Міржақып Дулатов, Гүлнар Дулатова, Ғанижамал Дулатова