57 финалист, 25 жоба, 14 грант: Астанада «Smart City» байқауының финалы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
57 финалист, 25 жоба, 14 грант: Астанада «Smart City» байқауының финалы өтті

57 финалист, 25 жоба, 14 грант: Астанада «Smart City» байқауының финалы өтті

«Smart City» республикалық инновациялық жобалар байқауы қорытындыланды. Байқауды Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен Astana IT University ұйымдастырды.

  • 25 Сәуiр
  • 3
ФОТО: fnn.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы fnn.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның 11 өңірінен 57 команда финалға өтті.

25 команда үздік атанды. Олар ЖОО-да оқуға арналған бас жүлде – ректор грантын ұту үшін бақ сынасты. Университет барлығы 14 грант бөлді.

«Smart City» байқауы жай ғана сайыс емес, ол Қазақстан қалаларындағы өмірді өзгертуге қабілетті тың идеялар ұсынылатын алаңға айналды. Қатысушылар экология, баламалы энергетика, қауіпсіздік, инклюзия, смарт ауыл шаруашылығы және қалалық ресурстарды басқару сияқты негізгі салалар бойынша шешімдер ұсынды.

Байқауға қатысу арқылы жастар құнды тәжірибе жинақтап, жаңа білім алады.

Перейти к новостям спорта