«59 млрд тенге»: қазақстандықтардың зейнетақы шотына жаңа ақша түсе бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«59 млрд тенге»: қазақстандықтардың зейнетақы шотына жаңа ақша түсе бастады

«59 млрд тенге»: қазақстандықтардың зейнетақы шотына жаңа ақша түсе бастады

Төрт ай ішінде жұмыс берушілер 1,7 млн төлем жіберген

  • 14 Мамыр
  • 18
Фото - Caravan.kz

2024 жылдың төрт айында Қазақстанда жұмыс берушілер төлейтін міндетті зейнетақы жарнасының көлемі 59 млрд теңге болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy.— на сілтеме жасап хабарлайды.

«Азаматтарға арналған үкіметтің» хабарлауынша, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары 1975 жылдың 1 қаңтарынан кейін туған әр қызметкер үшін табысының 1,5% мөлшерінде төленеді.

Жарна алдымен «Азаматтарға арналған үкіметтің» шотына түседі, содан кейін, үш жұмыс күннің ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шартты зейнетақы шотына аударылады.

«Бұл жарнаның әдеттегі он пайыздық зейнетақы жарналарынан айырмашылығы — бұл сома қызметкердің меншігі болып есептелмейді, капиталдандырылмайды және мұраға қалмайды», —  деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, жаңа жарна бойынша біржолғы төлем сомасы 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен аспауы тиіс.