Түріктің төрт ірі Стамбул, Анкара, Ескішахар және Бурса қалаларында ТҮРІКСОЙ және Самунск опера және балет театрының халықаралық ұйымы қазақ композиторы Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсын ұсынбақ.
Еске сала кетейік, 2013 жылы бұл туынды алғаш рет түрік көрермендерінің назарына ұсынылған. Қазақ композиторының операсы ерекше әсер еткені соншалық, бірнеше түрік фестивальдары оны өз бағдарламаларына енгізді. 5-ші Стамбул опера және балет фестивалі «Біржан-Сара» қойылымымен ашылмақ.
Халықаралық жобаның бұл жолғы қойылым тобы — алты түркі елдерінің өкілдері. Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі Садырбек Жұмашев — Біржан салды, ал Сараның рөлін екі опералық сұлу қыздар: «Астана-Опера» театрының Қазақстандық жетекші орындаушысы Жұпар Ғабдулина мен Татарстанның жас опера әншісі Регина Валиева сомдайды. Аяр әйел Алтынайдың рөлін қырғызстандық опералық орындаушы Әсел Бекбаева мен Өзбекстанның Ферюза Юсупова сомдайды. Жанботаның рөлін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артісі, академик, профессор Шахимардан Әбілов алып шығады. Сондай-ақ, Біржанның анасының рөлінде Башқұртстан Республикасының халық әртісі, опералық әнші Светлана Арғынбаева сомдайды.
Жалпытүріктік жобаның режиссері — бұдан бұрын «Көрұғлы», «Алпамыс» спектаклінің қойылымын жұртшылыққа паш еткен азербайжандық режиссер Эфлатун Ниметзаде. Қазақстанның ең танымал композиторының бірі М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы тамаша өнер туындыларының бірі, бұл аталған жобаға қатысатын әр елдердің кәсіби музыканттарының бірлескен жұмысының жемісі. «Біржан-Сара» операсының либретто мазмұны щынайы тарихи оқиғаларға негізделген.
Көрнекті ақын, композитор Біржан сал Қожағұлов пен Сара Тастанбекова арасындағы күрделі де терең махаббатқа негізделген этикалық стильде орындалатын, көрермен назарына ұсынылатын «айтыс» өнері әсерлі әуенмен тыңдармандарын елітері сөзсіз.