6 облыста тұрғын үй сатып алуға жеңілдікпен ипотека беру басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
6 облыста тұрғын үй сатып алуға жеңілдікпен ипотека беру басталды

6 облыста тұрғын үй сатып алуға жеңілдікпен ипотека беру басталды

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жаңа тұрғын үйді сатып алған кезде халық үшін ипотеканың нарықтық мөлшерлемесін төмендету м

  • 18 Шiлде 2017
  • 455
Фото - Caravan.kz

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жаңа тұрғын үйді сатып алған кезде халық үшін ипотеканың нарықтық мөлшерлемесін төмендету мақсатында Ипотекалық қарыздарды субсидиялауға Ұлттық қордан 10 млрд. теңге бөлінді, деп хабарлайды Вnews.kz.

«Республиканың 6 аймағында (Астана мен Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары) жаңа тұрғын үй сатып алу үшін халыққа жеңілдікпен ипотека беру басталды. Бүгінгі күні 7 екінші деңгейлі банк (Сбербанк, АТФбанк, БанкЦентрКредит, BankRBK, Тенгри банк, «ЖССБК» АҚ, Цеснабанк) Бағдарламаға қатысуға дайын. Оның ішінде 4 екінші деңгейлі банк 30 млрд. теңге (жоспар 120 млрд. теңге) сомасында 2 мың (жоспар 8 мың) займ беруді болжап отыр»,-деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында.

Бағдарламаның төртінші бағыты бойынша (жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру) құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау үшін Ұлттық қордан 11 млрд. теңге бөлінді.

«Екінші деңгейлі банктер (Сбербанк, АТФ банк, БанкЦентрКредит, Тенгрибанк, Цеснабанк, Нұрбанк, Евразиялық банк) кредит беру үшін құрылыс салушылардың 17 жобасын қарап жатыр. Займ 53,6 млрд. теңгені құрайды. 2018-2019 жылдары осы жобаларды іске асыру есебінен 282 мың шаршы метр тұрғын үйді (403 мың пәтердің 70%-ы) пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жоба 8 өңірде (Астана мен Алматы қалалары, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары) іске асырылып жатыр»,-деп атап өтті ведомство басшысы.


Бүгінгі таңда Астана қаласы мен Ақтөбе облысының әкімдіктері 2 жобаға субсидия беруді өңірлік үйлестіру кеңестерінде мақұлдады. Атырау облысының әкімдігі кредит сомасы 4,8 млрд. теңге болатын құрылыс салушылардың 4 жобасын қарап жатыр (субсидия сомасы 124,8 млн. теңге).

Соңғы жаңалықтар