Джон Апдайктің үлкен дау тудырған кітабы осы. Білім министрлігі америкалық жазушының «Кентавр» атты романын 6-сыныпқа арналған хрестоматияға енгізген. Жалпы, бұл шығарманың 12 жастағы ұл-қызға арналмағанын сарапшылары да мойындайды. Алайда, біз Кентаврдың ұстаз кейіпіндегі үзіндісін ғана қиып алдық, төсек қатынасы мүлде жазылмаған — деп бет бақтыртпай отыр.
Любовь Рыгалова, филолог:
— Апдайктің төсек қатынасына негізделіп жазған романдары бар. «Кентавр» да ересектерге арналған. Бірақ бұл оқулықта келтірілген үзіндіде төсек қатынасы туралы бір сөйлем де жоқ. Ұстаздар да балаларға шығарманы толық оқуға кеңес берген емес. Ата-аналардың өздері интернеттен оқыған шығар.
Оқушының ой-өрісін кеңейтеді деп жүрген «Кентавр» романында бәрі басқаша. Жасөспірімдерге жыныстық қатынасты ашық жарнамалайды.
Зиммерман Осгуд сұлуға төніп тұрып құлағына сыбырлады. Ал көзімен төсінің айналасын аймалады. Оның жеңіл жүрісті екенін, тіпті қозып тұрғанын оқушылар да байқады.
****
Хирон, — деп бұйырды ол, — Менің құшағыма енші. Оның жүрегі қабырғасына жабысып қалғандай, ал қолдары дірілдейді.
— Қараңғыға жасырып қоятындай махаббат соншалықты жиеркенішті ме? Әлде сен мені зинақорлығым үшін жек көріп тұрсың ба? Бірақ сен ғалым ретінде ғұсыл құйынғаннан кейін қыздығым қайта қалпына келетінін білуің керек қой.
Романды толық оқып шыққандар да Білім министрлігі ұстаз кейіпіндегі нәпсіқұмар Кентаврдан балаларды құтқару керек дейді.
Есей Жеңісұлы, журналист:
— Мысалы, мектептің директоры мұғалімнің сабағына қатысып отырып, жас қызбен көңіл көтеріп отырады. Мына бағы ашылмай қойған Білім министрлігі осы білім бағдарламаларын түгел қайта қарап шығу керек.
Мектеп оқушыларын 12 жастан төсек қатынасы мен жеңіл жүріске желіктіріп жүргендерінен еліміздің бас ұстазы хабардар екен.
Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:
— Ол кітапты өзім де оқып шықтым. Біз сараптама жасайтын оқулықтар орталығына сұрау жібердік. Қазір жауап күтіп отырмыз.
Джон Апдайк әлемге порнографиялық шығармалардың авторы ретінде танымал. Оның еңбектеріне тіпті өз Отанында да тыйым салынған. Жазушының төсек қатынасы мен ерлі-зайыптылардың бір-бірінің көзіне шөп салуы егжей-тегжей суреттелген романы 1980 жылдары АҚШ-тағы төрт мектептің бағдарламасынан алынып тасталған. Ирландиядажазушының«Қоян, қаш!» атты шығармасына қатаң тыйым салынған. Ал, біздің еліміздің Білім министрлігінің арқасында әлемде үлкен шу тудырған шығарманы ұл-қыз оқып еркін оқып жатыр.