6 жасар қыз зорланғаннан кейін сары түсті Daewoo Nexia көліктері тексеріліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
6 жасар қыз зорланғаннан кейін сары түсті Daewoo Nexia көліктері тексеріліп жатыр

6 жасар қыз зорланғаннан кейін сары түсті Daewoo Nexia көліктері тексеріліп жатыр

6 жасар қыздың зорлануынан кейін Маңғыстау облысында ақшыл сары түсті Daewoo Nexia көліктері тексеріліп жатыр, - деп хабарлайдыTengrinew

  • 23 Тамыз 2016
  • 1175
Фото - Caravan.kz

6 жасар қыздың зорлануынан кейін Маңғыстау облысында ақшыл сары түсті Daewoo Nexia көліктері тексеріліп жатыр, — деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Әнуар Шөжеғұлов аймақтағы барлық құқық қорғау органдарының алты жасар қызды зорлады деген күдіктіні іздеуге және ұстауға жұмылғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта күдіктілердің ортасы анықталды.

Куәгерлерден жауап алуда ер адам анықталды, ол Daewoo Nexia көлігінің жүргізушісі. Ол Ақтаудағы №1 ықшамауданда орналасқан "Иваныч" дүкенінің видеокамерасына түсіп қалған. Оны 20 тамызда куәгерлер оқиға орнында көріпті.

"Сенбіде, қызды іздеу жұмыстары ұйымдастырылғанда жедел-іздестіру тобы құрылды, оның жұмысын Маңғыстау облысының әкімі өз бақылауына алды. Бүгін азиалық түр-сипаттағы ер адамды анықтау бойынша шаралар жүріп жатыр. Маңғыстау облысында ақшыл сары түсті 698 дана Daewoo Nexia көлігі тіркелген. Қазіргі уақытта 275-і тексерілді. Маңғыстау облысының барлық құқық қорғау органдары күдіктіні анықтап, ұстауға жұмылған. Бағыттама мен фоторобот көршілес аймақтарға жіберілді", — деді Әнуар Шөжеғұлов.

Құқық қорғау органдары облыс тұрғындарынан балаларын қараусыз қалдырмауды сұрап отыр.

"Болған оқиға жедел басталған іздеу жұмыстарының қылмыскерді ізін суытпай ұстауға мүмкіндік беретінін көрсетіп берді. Оқу жылының қарсаңында өз балаларыңыз бен бөтен балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Көшеде қалып қойған баланы көрсеңіздер, 102 номеріне хабарласып, полицейлер келгенше күте тұруларыңызды сұраймыз", — деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

Еске салайық, оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болған. Түске дейінгі уақытта әжесі 6 жасар немересімен №1 ықшамаудандағы жұмысына келген. Немересіне қарауға уақыты болмаған әжесі баласына телефон соғып, қызын алып кетуін сұрапты. Біршама уақыт өткеннен кейін әйел өз немересінің жоқ екенін байқайды. Бастапқыда ол немересін әкесі алып кетті екен деп ойлайды. Алайда телефон соғып, қыздың әкесінің келмегенін білген ол немересін өзі іздей бастайды. Жоғалған қыздың туыстары оны бастапқыда өздері іздеген. Арада 2,5 сағат өткеннен кейін олар полицияға хабар берген. Жоғалған қызды іздестіруге Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамы түгелдей жұмылған.


Полициядағылар қыздың сол күні 17.30 шамасында табылғанын хабарлапты. Қыздың жағдайы ауыр болған, көп қан жоғалтқан, күн өтіп кеткен. Тәртіп сақшылары оны "Нұр Плаза" жағалауына қарама-қарсы саяжайдан тапқан. Қыз балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Осы уақытта полицейлер бірнеше күдіктіні ізін суытпай ұстаған. Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта ұсталғандардың бұл қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Ал кейін полицейлер 6 жасар қызды зорлаған адамды іздестіруге көмек сұрап, күдіктінің бағыттамасынтаратты. Осы дерекке "Зорлау" бабы бойынша қылмыстық істің қозғалғаны белгілі.