6 жылдан бері апатты баспанада тұрып келген бірнеше отбасы далада қалуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
6 жылдан бері апатты баспанада тұрып келген бірнеше отбасы далада қалуы мүмкін

6 жылдан бері апатты баспанада тұрып келген бірнеше отбасы далада қалуы мүмкін

Алматыда қыс таяғанда 6 отбасы далада қалатын түрі бар. Бұрынғы әскерилерге қызметтік баспана ретінде берілген екі қабатты үй 6 жыл бұрын апатты деп танылған. Енді мүлдем сүрілу туралы шешім шығып отыр. Ал мұндағы жұрт қара суықта қайда барарын білмей дал. 

  • 10 Қараша 2012
  • 337
Фото - Caravan.kz

Өмірінің жартысынан астамын мына баспанада өткізген Алексей отбасымен қақаған қысты далада қарсы алуы мүмкін. Шатыры тесіліп, қабырғасы қақырап тұрған ғимарат 6 жыл бұрын апатты деп танылған. Бірақ 15 жыл әскери қызметте болған оған жаңа баспана берілмейді. Себебі, әскери бөлім аумағындағы үйді зейнеткердің жекешелеп алуға құқығы жоқ.

Надежда Кребс, Алматы қаласының тұрғыны:

Біз тіркеуде жоқпыз, қандай да бір құжатты алу біз үшін азаппен тең. Осы баспанада туып өскен балама куәлік ала алмай бір жылдан астам жүрдім.

Екі қабатты бұл үйді бүгінде 8 отбасы паналауда. Екі отбасыға басқа үй берілмек. Өйткені отағалары әлі әскери қызметте. Ал қалғандары қайда барарларын білмей дал. Айтуларынша, қауіпті пәтерден қуған басшылық оларға да баспана тауып берулері керек екен.

Александр Кребс, Алматы қаласының тұрғыны:

Олар бізге Талдықорғанда тұрарсындарма деп ұсыныс жасады.  Кейін ол да жоқ. Пәтер алуға құқығымыз бар бола тұра, қақаған қыста далада қалайын деп жатырмыз.

Ал әскери бөлімше басшыларының пікірі мүлдем басқа. Олар 1976 жылы салынған баспана, тек әскери қызметкерлерге арналған. Сондықтан, 20 жыл бұрын жұмыстан шығып кеткен адамдардың пәтер мәселесін шешу міндетіміз емес дейді.


Дәулет Мамырханов, 2458 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

Біздің әскерде үй беретін қорымыз жоқ. Әр кезеңдерде жұмыстан шығып қалды бұл кісілер. Оны өздері айтар. Енді тек құқық қорғау органдары арқылы ғана әрқайсысының мәселесі жеке-жеке шешілуі керек.

Алты жылдан бері апатты баспанада тұрып келген алты отбасының мәселесін енді сот қарайтын болады. Қазір тұрғындар іске қажетті құжаттардың бәрін жинастырып жатыр. Олар өзімізге тиесілі баспанаға қол жеткізбей тынышталмаймыз деп отыр.

Соңғы жаңалықтар