60 млн теңге пара алуға оқталған Ислам Әбішевтың соты басталды (Видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
60 млн теңге пара алуға оқталған Ислам Әбішевтың соты басталды (Видео)

60 млн теңге пара алуға оқталған Ислам Әбішевтың соты басталды (Видео)

Бірнеше қалада әкім болған, су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы ланкестермен бірдей жағдайда тасымалданып келген.

  • 16 Қазан 2019
  • 107
Фото - Caravan.kz


Ал тергеушілер кінәні мойындасаң, бостандыққа шығасың деп шарт қойыпты. Елордада Ислам Әбішевке қатысты сот ісі басталды. Бірақ, күдікті кінәсін мойындаған жоқ. Өзіне қарсы лауазымды тұлғалар тапсырыс жасады деп отыр. Ал. олар кімдер?  Сотталып кетсем бәрін айтамын деген Әбішевтің, ел білмейтін қандай шындығы бар?  

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
 
Есілдің оң жағалауындағы сот ғимараты. Бұған дейін мұнда "EXPO-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев және жуырда ғана босап шыққан бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев сотталған еді. Ал қазір мұнда су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішевке қатысты іс қаралып жатыр".
 

Дәлізде Ислам Әбішевтің жақындары жиналған. Қарасы көп. Олармен тілдеспек болған күдіктіні қарауыл тоқтатты. Сот залына өттік. Бос орын қалмады. Отырыс енді бастала бергенде хатшының компьютері істен шығып, үзіліс жариялауға тура келді.

Қажымұқан Мекемтас, Нұр-Сұлтан қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданарлық сотының судьясы:

"Онда бәріміз отыра береміз, шақырыңыз онда. 10 минут үзіліс. Осы жерде отырып күте тұрайық. Кім шығып, демалғысы келсе, құқықтарыңыз бар. Шығып демалуға".

Осы сәтті пайдаланып, күдіктіден сұхбат сұрап, едік бас тартпады. Әуелде изолятордағы жағдай қиын болды деп бастады сөзін Ислам Әбішев. Іс сотқа жеткелі, тыныс ашылды, дейді. Бірақ тасымалдау кезінде біраз қорлық көріпті.  

Ислам Әбішев, ҚР АШМ су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы:

"Емге барған кезде Сирияда 5 жыл терроризммен айналысқан, 5 жыл ма, 6 жыл ма. Білмеймін қанша адам өлтіргенін. Ол да бір, мен де бір. Ит қамайтын немен апарды. Екеуміздің де қолымыз мынадай. Адам жақындатпайды. Үйден бір пісіріп, ырым қылып әкелген бір үзім нанды ұстатқызбай, қолымды қағып жіберіп. Сонда ол да бір, мен де бір. Ал мен әлі сотталмағанмын".

Бастапқыда, Ислам Әбішев пен сыбайласы Серік Түкиев "60 млн теңге пара алды" деп айыпталғаны туралы жемқорлыққа қарсы агенттік мәлім еткен еді. Қазір "алды" емес, "алуға оқталды" деп өзгеріпті. Тергеушілер іс барысында шарт ұсынған екен.

Ислам Әбішев, ҚР АШМ су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы:

"Пара алуға оқталды" деген айып қана.  Келісесіз бе?  Абсолютно жоқ. Келіссем, мен баяғыда далада жүретін едім. Мұнда отырмас та едім. Маған айыпқа байланысты айтты: "Кішкентай ғана бір шетін мойындасаңыз, шығып кетесіз, аға" деді. Істемеген нәрсені несіне айтамын? Менің қасымда отырған Түкиев деген азаматқа, "Мына Әбішевке айт, бердім деп бір ауыз айт, болды, сен боссың" деді. Ол бермеген нәрсені мен қайтіп айтам".

Бүгін ауыл шаруашылығы министрлігінің бірнеше қызметкері сот алдында жауап берді. Істің біразға созылатын түрі бар. Күдіктілер өздерінің кінәсіз екеніне, ал, прокурор дәлелдің жеткілікті екеніне сенімді.

Саламат Сүлейменов, Прокуратура өкілі:
"Прокурор ретіндегі бағаңыз, дәлелдер жеткілікті ме айыптауға?  Әрине, жеткілікті. Бұл кісілерді сотқа беріп отырған біз ғой. Сондықтан жеткілкті деп санаймыз".

Күдікті Ислам Әбішев өзіне қарсы тапсырыс жасалғанын алға тартып отыр. Оның айтуынша барлығына өзі басқарған Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы түрткі болған. Бірнеше лауазымды тұлға орнын босатуды талап етсе керек. Қарсылық білдірген Ислам Әбішев зейнетке 2 ай қалғанда жалған айыпқа тап болдым, дейді. Бұған жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасының қатысы бар екеніне сенімді.

Абзал Құспан, Ислам Әбішевтің адвокаты:
"Ол туралы Шпекпаев өзі сотқа келіп, куә ретінде айтуы керек. Біз бәрі бір куә ретінде шақыруды қоймаймыз.  Шақырдыңыздар ма?  Біз куә ретінде шақырдық. Судья ондай ол кісіні шақыра алмайсың деп бізге бас тартқызды. Бірақ мен қайтадан шақыртамын. Прессаға айтамыз. Біз Шпекпаевты не себепті 6 күннің ішінде жарғының талаптарына қайшы түрде Абишевтің орнына отырып алғандығын сотта келіп түсіндіріп беруін талап етеміз".

Тапсырыс берушілердің арасында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, белгілі қоғам белсендісі Арман Шораев та бар, дейді Әбішев. Күдіктінің мүддесін қорғап жүрген Абзал Құспан ол туралы сұхбат беріп, айтқан болатын. Арман Шораевпен біз де жолықтық. Өзіне қарсы айтылған айыпқа аң-таң.

Арман Шораев, қоғам белсендісі:
"Мен оларды қамағаннан не ұтамын? Қандай ұпай жинаймын? Қандай материалдық тағы бірдеңе актив жинап алам деген сияқты. Ештеңе жоқ ондай! Өз-өзін қорғаған түрі ме. Өткенде де мен айтқанмын. Маған айып тағып жатыр, Бозымбаев мырзаға, одан қалды Алик Шпекпаев мырзаға. Алик Шпекпаев деген кісіні сырттай білемін. Ешқашан қол алмасып, шай ішіп, сөйлескен азамат та емес. Айыптау алдында ең бірінші ойлану керек қой алды-артын деген сияқты".

Арман Шораев қажет болса, сот алдында жауап беруге дайынмын дейді. Әзірге ешкім шақырмапты бірақ. Ал өзіне жала жапқандарды заң аясында жауапқа тартуға бекініп отыр.