Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
62 жастағы Қанат есімді егде жастағы адам 12 жастағы қызды зорлаған.
Қыздың әкесі ауылдан тысқары жерде мал бағатынын айтты.
— Айына үйіме бір рет келіп тұрамын. Ол мені екі-үш рет көлігімен қажет жеріме апарып тастаған болатын. Бірақ, одан ешқандай күмәнданбадым. Ойыма ештеңе кіріп-шықпаған, дейді.
Ал, шырылдаған ана қызы үшін қатты алаңдаулы.
— Қызымның тағдыры не болады? Ол әлі періште ғой. Мен мұндайды ешқашан күтпеппін. Ол Қанат деген адам кейде үйде қонатын. Өзі қонам деп айтқан соң, ойымда ешқандай да арамдық болмаған соң, төсек орнын салып беретінмін. Күйеуімнің шаруасын көлігімен апарып жүрді. Сондықтан, соншалықты егде тартқан, өзімнен де үлкен адамды қызыма осындай әрекет жасайды деп ешқандай да ойламаппын.
Қария анасы жоқ та үйіне келіп-кетіп жүріп арам ойын іске асырған болып шықты. Ж. Бусаков атындағы орта мектептің директоры Зәмзәгүл Жалтаңбаева оқушысы туралы айтып берді.
— Осындай жағдайға дейін қыз біздің мектепте оқыды. Содан кейін қызды интернатқа жібердік. Қыз баладан жаман әрекеттер байқаған емеспіз. Көп жағдайда ана мен қыз арасында тығыз байланыс болу керек. Қыз бар сырын анасына айту керек.
Менің жүрегім ауыратын бір мәселе бар. Ол қыз мектеп табалдырығын аттағанда ең алғашқы ұстазы мен едім. Оның басында осындай жағдай болғаны маған қатты батып тұр, деп мектеп директоры қыз үшін қиналып тұрғанын жеткізді.
Ал, айыпталуышының әпкесі Фариха Қасенова інісі Қанатты барынша қорғап, барлық жаланы зәбір көрген қыздың анасына жабуға тырысып бақты.
— Қыздың анасы кінәлі. Қанат ол қыздың анасына барып жүрген. Бойдақ. Әйелінен ажырасқан. Күйеуі қасында болмаған әйелге барған. Әйел Қанатты өзі шақырған үйіне. Сол қыз анасын қызғанып, осы іске барды, деп сұмдық та, адам ойына кіріп-шықпайтын жайтты айтты.
Тағы бір айта кетерлігі, оқушы қызды ортада Тайбек есімде азаматтың зорлағаны айтылды. Ол Қанаттың жақын ағайыны екені мәлім болды. Қанаттан кейін Тайбек те қызды екі рет зорлағаны көрінеді. Бұрын соңды сотталған Қанат жаланың бәрін Тайбекке жауып, өзі ортадан сытылып шықпақшы болғанға ұқсайды. Ақырында, Тайбек айыпты деп табылған соң, ол полиция өкілдері барғанға дейін ауылдан Талдықорғанға қашып кетіп, сол жерде өз-өзіне қол жұмсаған болып шықты.
Сот айыпталушы Қанатты кінәлі деп тауып, оны бас бостандығынан айырған.