Бұл туралы видео saryagashcity инстаграм парақшасында пайда болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Оқиға Түркістан облысында болғанға ұқсайды. Қуаныш иесінің аты-жөні белгісіз. "64 жасымда ұлды болдым, мына қызымды 61 жасымда көрдім. Бұдан да үлкен балаларым бар. Оқып жатыр су мамындығы бойынша жоғарғы оқуы орынында. Мұхтар Әуезов атындағы университетте. Биыл 4 курсқа өтеді. Қызым тұрмыста, немерелерім бар",- деді ұлды болған әке.
Зейнеткердің осымен 4 ұл, 3 қызы бар екен.
"Қазір Алпыспай туғызатын әкелер азайып кетті ғой, мықты екен ағамыз, бауы берік болсын", "Жастар үлгі алыңдар тоқтап қалмай, алпысбай, жетпісбайлар туа берсін", деді оқырмандар.