65 миллион еуро: Қазақстандық миллионер Париждегі пәтерін сатып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
65 миллион еуро: Қазақстандық миллионер Париждегі пәтерін сатып жатыр

65 миллион еуро: Қазақстандық миллионер Париждегі пәтерін сатып жатыр

Қазақстандық бай азаматтың әйеліне Париждің төріндегі салтанатты пәтер ұнамай қалыпты

Парижде 65 миллион еуроға пәтер сатып алған қазақстандық баспананы сатылымға шығарды деп жазады Sputniknews.kz.

  • 27 Тамыз 2018
  • 59
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық миллионер француз астанасының бай ауданында орналасқан сән-салтанатты пәтерді сатқалы жатыр. SPA-зонасы, брондалған қорғаныс бөлмесі бар баспана үшін үй иесі 125 миллион еуро сұрап отыр. Бұл пәтерді сатып алған бағасынан екі есе қымбат.

Бельгиялық риелтор Игнас Мювиссен айтқандай, пәтер қазақстандықтың әйеліне ұнамай қалыпты.

«Қазақстандықтың әйелі енді бұл үйде тұрғысы келмейді», ­-­­ дейді брокер.

Қоғамның назарына іліккен құны 65 миллион еуро тұратын пәтер иесінің кім екенін риелтор құпия сақтап отыр. Бірақ Қазақстанның мемлекеттік кірістер комитеті оның шенеунік емес екенін мәлімдеді.


Пәтердің ауданы 1200 шаршы метр. Бұрынғы қожайыны бірнеше пәтерді біріктірген екен. Бес жатын бөлмесі, бес жуынатын бөлме, SPA-зона, персонал мен күзетке арналған жеке бөлмелер бар.

Соңғы жаңалықтар