65,7 мың қазақстандыққа шетелге шығуға тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.55
  • 533.75
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
7 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
65,7 мың қазақстандыққа шетелге шығуға тыйым салынды

65,7 мың қазақстандыққа шетелге шығуға тыйым салынды

2017 жылдың қорытындысы бойынша, салық қарызын төлемеген 65 795 қазақстандықтың ел аумағынан шығуына тыйым салынды.

  • 4 Мамыр 2018
  • 42
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті Берешектермен жұмыс басқармасының басшысы Айнұр Құлшықова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысы салықтық берешектерді өндіріп алу тәртібін түсіндірді.

«Алдымен салық төлеушіге қарызды өтеу туралы ескерту жіберіледі, бұл үшін оған 10 жұмыс күні беріледі. Егер борышкер өз міндеттемелерін орындамаса, оның банктегі есепшоттарында операциялар бұғатталады, онда түскен қаражаттар өзге мақсаттарға қолданылмайды. Уәкілетті органдарда борышкердің мүлкіне тыйым салынады. Бұл шаралардан кейін де салық қарызы өтелмесе, келесі кезеңге көшеміз. Банк есепшотындағы қаражат өндіріліп, бұған дейін шектеу салынған мүлкі сатылымға шығады», — деді Айнұр Құлшықова Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, биылдан бастап, салық қарызын өндіріп алу үшін сот бұйрығы қажет болмайды. Оның орнына салық бұйрығы шығарылып, жеке сот орындаушыларына тікелей жіберіледі және борышкерге тағы да ескерту жасалады.


«Салық бұйрығы орындалмаған жағдайда, сот орындаушы өздігінен шара қабылдауға құқылы, яғни жеке тұлғалардың Қазақстан аумағынан шығуына шектеу қояды. Бұл шара қарызы 20 АЕК-тен, яғни 48 мың 100 теңгеден асып кеткен жеке тұлғаларға қолданылады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша, 65 мың 795 қазақстандықтың ел аумағынан шығуына тыйым салынды», — деп түсіндірді А. Құлшықова.

Басқарма келтірген деректерге сәйкес, 2018 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, жеке тұлғалардың салық қарызы 24,4 миллиард теңгені құраған. Борышкерлер саны — шамамен 1 миллион 335 мың адам.