Бұндай бұйрыққа Елбасы, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды. Соған сай Үкіметке «Мерекелер туралы» заңға толықтырулар енгізіп, көпке ұзатпай Парламентке жолдауды міндеттеді. Осылайша 7 мамыр қатардағы дата ретінде елеусіз қалмай мемлекеттік мәртебеге ие болмақ. Бірақ құжат жүзінде әлі бекітілмегендіктен алдағы дүйсенбі жұмыс күні болып қала бермек. Биыл төл әскеріміздің жасақталып Қарулы Күштердің құрылғанына тура 20 жыл. Айтулы мерекеге әзірлік қазір қызу жүріп жатыр.