7 маусымнан бастап Қазақстандықтар енді Анталияға аптасына 8 рет ұша алады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
7 маусымнан бастап Қазақстандықтар енді Анталияға аптасына 8 рет ұша алады

7 маусымнан бастап Қазақстандықтар енді Анталияға аптасына 8 рет ұша алады

2021 жылғы 7 маусымнан бастап Түркияға рейстер саны көбейеді. Қазақстандықтар енді Анталияға аптасына 8 рет ұша алады.

  • 4 Маусым 2021
  • 28
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ, Өзбекстанмен арада "Алматы – Наманган", "Ақтау – Нүкіс", "Ақтөбе – Нүкіс", "Ақтөбе — Самарқанд" бағыттарында аптасына 2 тұрақты рейстен ашылады. 

Бұдан басқа, "Алматы – Минск" бағыты бойынша Беларусьпен тұрақты рейстер саны ұлғайтылып, әр тараптан аптасына 2 рейстен орындалады. 

Бұл шешімді Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады. 


Аталған бағыттарға "Эйр Астана", "SCAT", "Turkish Airlines", "Узбекские авиалинии" және "Белавиа" әуе компаниялары ұшады деп жоспарланып отыр. 

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және шет мемлекеттің тиісті билік орындарымен келісім бойынша орындалады.

Соңғы жаңалықтар