АҚШ-та «The International Childrens Day» мейрамы аясында үлкен концерт өтеді.
Айтулы шарада «Kazakh American Alliance» ұйымы Қазақстанның АҚШ-тағы консулдығымен біріге отырып ұйымдастырған. Мақсаты — Қазақстаннан шыққан дарынды бүлдіршіндердің өнерін əлемге паш ету.
Софи қазір АҚШ-та грант бойынша білім алып жатыр. Ол осы жасында біраз белесті бағындырған, нақтырақ айтқанда, ЮНЕСКО-ның хореография бойынша мүшесі, халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанып үлгерді.
Жас дарын Көкіл фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен «Аққу» биін ұлттық нақышта орындайды.
«Софидің əлемнің аты аңызға айналған Карнеги холл залында өнер көрсетуі мен үшін ғана емес, Отанымыз үшінде де үлкен абырой»,- дейді анасы Ольга.