Қос ғашықтың тойы қыркүйек айында белгіленгені де айтылды, деп жазды Caravan.kz медиа порталының тілшісі.
"Біріншіден, барлығы айтып жатқандай ешқандай сатқындық болған жоқ. Екіншіден, иә, біз 7 жыл кездесіп жүрдік. Ата-аналармен танысу болды және той болайын деп жатырды қыркүйекте. Бірақ, олай болмады. Барлығын толықтай айтпаймын. Мен оның ата-анасын сыйлағандықтан, көп нәрсе айтқым келмейді. Менің соңғы шешімімнен кейін, бәрін тоқтаттық. Бұл сатқындық емес. менде бәрі жақсы, деп жазды Раймның бұрынғы сүйіктісі Наргиза.