7 жылда Қазақстанда 1,3 мыңнан астам жаңа мектеп салынды  - kaz.caravan.kz
  • $ 502.6
  • 589.95
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
7 жылда Қазақстанда 1,3 мыңнан астам жаңа мектеп салынды 

7 жылда Қазақстанда 1,3 мыңнан астам жаңа мектеп салынды 

Елімізде апатты және үш ауысымды білім ошақтарының саны айтар­лық­тай азайып, материалдық-тех­ни­калық база жаңартылды.

  • 3 Наурыз
  • 2
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы айқындап берген басымдықтардың бірі – мектеп инфрақұрылымындағы қор­даланған проблемаларды жою. Осы мақ­сатта кейінгі жеті жылда 1 300-ден астам жаңа мектеп салынды, апатты және үш ауысымды білім ошақтарының саны айтар­лық­тай азайып, материалдық-тех­ни­калық база жаңартылды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл» атты мақаласында айтылды.

Прези­дент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясын­да ғана 2023–2025 жылдары бүкіл еліміз бойынша ең жоғары халықаралық стан­­дарт­тарға сәйкес келетін 217 мектеп салын­ды, — делінген мақалада.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы TALIS-2024 халықаралық зерттеуіне сәйкес, Қазақстан мұғалімдердің еңбек­ақы­­сымен қанағаттану деңгейі бойынша әлем елдерінің үздік бестігіне кіргеніне тоқталды. Егер 2018 жылы бұл көрсеткіш небәрі 39% болса, 2024 жылы 71%-ға жетті. Еліміздегі педа­­­гогтердің 95%-ы өз жұмысына көңілі тола­тынын айтты.