”7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін”: Шерзаттың әкесіне қандай жаза тағайындалмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін”: Шерзаттың әкесіне қандай жаза тағайындалмақ

”7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін”: Шерзаттың әкесіне қандай жаза тағайындалмақ

Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың ісіне қатысты тағы бір ақпарат белгілі болды.

  • 13 Желтоқсан 2024
  • 198
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Журналист, тележүргізуші Руслан Өтепбай Instagram желісіндегі парақшасында Қаржаубай Нұрымовтың ірі көлемде айыппұл төлеуі немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты.

”Қазір ғана келіп түскен ақпарат. Алматы облысының полиция департаментінің айтуынша, Шерзаттың әкесі Қаржаубай 10 миллионнан 25 миллионға дейін айыппұл төлеуі мүмкін, немесе 3 жылдан 7 жылға дейін (шартты түрде) бас бостандығынан айырылуы мүмкін”, — деп жазды ол.

Screenshot