Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
– Атап айтқанда, Иранда іссапарда жүрген алты қазақстандық азаматқа Әзербайжан аумағы арқылы елге оралуға көмек көрсетілді, – деді министрлік өкілі.
Оның айтуынша, 2025 жылғы 15 маусымда Қазақстанның 68 азаматы, оның ішінде дипломаттардың отбасы мүшелері, экономикалық ынтымақтастық ұйымының хатшылығында іссапармен жүрген қазақстандық мамандар, сондай-ақ Иранда қызметтік сапармен болған өзге де азаматтар Түрікменстан арқылы елден шығарылған.
– Азаматтарымыз алдағы күндері Қазақстанға оралады, – деді Смадияров.
Сонымен қатар, ҚР СІМ мәліметінше, Ирандағы Қазақстанның шетелдегі мекемелері қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.