70 күдікті мен 11 млрд теңгеден астам шығын: ҚМА ел бойынша белең алған қылмыстық схеманы әшкереледі - kaz.caravan.kz
  • $ 512.44
  • 593.15
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
70 күдікті мен 11 млрд теңгеден астам шығын: ҚМА ел бойынша белең алған қылмыстық схеманы әшкереледі

70 күдікті мен 11 млрд теңгеден астам шығын: ҚМА ел бойынша белең алған қылмыстық схеманы әшкереледі

Соңғы үш жылда Агенттіктің аумақтық департаменттері көлік құралдарын бастапқы тіркеу үшін алым төлеуден жалтару фактілері бойынша 88 қылмыстық істі тергеді.

  • 22 Мамыр
  • 12
Фото: Freepik

Белгілі болғандай, 1 800-ден астам автокөлік заңсыз тіркелген, келтірілген залал — 11,8 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Толығырақ ақпаратта. 

2025 жылғы 22 мамырда ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі тергеу барысының жай-жапсарын айтып берді. 

Белгілі болғандай, күдікті ретінде 70 адам танылды, олардың қатарында Әкімшілік полиция басқармасының басшылары мен қызметкерлері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері және нотариустар бар.

«Нәтижесінде мемлекетке 900 млн теңге көлемінде алымдар төленді. Сонымен қатар, құны 31 млрд теңге болатын 1 500 автокөлікке және 968 млн теңгенің күдіктілерге тиесілі мүлкіне тыйым салынды»,- делінген ақпаратта.

Мамандар келтірген мысалға сүйенсек, Ақмола облысында Әкімшілік полиция басқармасының қызметкері бар топқа қатысты үкім шығарылды. Олар 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта 55 жүк көлігін заңсыз бастапқы тіркеу арқылы мемлекетке 401 млн теңге көлемінде залал келтірген.

Сот оларды 2,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.

Бұдан бөлек, мемлекет кірісіне жалпы құны 125 млн теңгені құрайтын 3 пәтер мен жеке тұрғын үй, сондай-ақ 21 млн теңге ақшалай қаражат тәркіленді.

Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитетінің Ресейге сапар шегуді жоспарлап отырған қазақстандықтарға үндеу жасағаны жайлыжазған болатынбыз.