70 мың адам қазақ тілін онлайн-курс арқылы үйреніп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
70 мың адам қазақ тілін онлайн-курс арқылы үйреніп жатыр

70 мың адам қазақ тілін онлайн-курс арқылы үйреніп жатыр

Астанада «Жаңа әліпби - жаңғыру жолы» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев қазақ тілін онлайн-курс түрінде үйрететін soyle.kz сайтына дүние жүзінен 70 мыңға жуық адамның тіркелгенін мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

  • 7 Қараша 2017
  • 173
Фото - Caravan.kz

«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы латын әліпбиіне көшу туралы жарлыққа қол қойды. Онда Үкіметке ұлттық комиссия құру туралы тапсырма беріліп, 2025 жылға дейін кезең-кезең бойынша бағдарламасын әзірлеу жүктелді. Жалпы, барлығы дерлік қолдау білдіріп жатыр. Оның бір ғана мысалы — біздің Мемлекеттік тілді дамыту қоры өздеріңіз білетіндей, соңғы 2-3 жылдан бері интернеттің арқасында «Сөйле.кз» сайты арқылы онлайн-курспен қазақ тілін оқытып келеді. Міне, бүгінгі таңда сайтымызға дүние жүзінен 70 мыңға жуық адам тіркеліп, онлайн-курспен тіл үйреніп жатыр», — дейді қор директоры.

Оның айтуынша, үш жылдан бері «біз кирилл қарпін түсінбейміз, біз орыс тілін білмейміз» деп бірнеше мәрте хат жазып, онлайн-курсты латын әліпбиінде өткізу туралы шетелден көптеген ұсыныстар келген.


«Біздің қор Елбасының жарлығын қуана-қуана қарсы алды. Жарлық шыға сала біз бұл жұмысқа кірісіп кеттік. Сәтін салса, жаңа жылға дейін Сөйле.кз сайтының ағылшынша және латынша нұсқасын ашамыз. Сол арқылы шетелдегі қазақтарға өз тілін үйрену жеңілдей түседі», — дейді Азат Шәуеев.