Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"70 жастан асқанша жұмыс істеймін" деген әйел өзін алдаса да, халықты алдай алмайды…
Кеуіп, семе бастаған ағза мен мидың жұмысы қайбір дұрыс жұмыс бола қояр дейсің?.. Жүред те былықтырып, нән қақсал ұқсап, бірді бірге соғып…
Суперклеймен креслоға жабысып қалған жамбастың жұмысы рахат, әрине… сиыр саумайды, от жақпайды, алты бала, бес немереме деп, 50 мың тг пенсиясын дәріге, бәріне қалай жеткізсем екен деп жанталаспайды….
Ол сияқты 2 млн тг айлық алып, басқа заңды-заңсыз кірістерімізді калькуляторға салып, креслода шалқайып жатып, қалқып ішіп, шайқап төгіп, кабинет пен салонның арасын жол қылып жүрсек, бәріміз де 80-ге дейін "жұмыс істер" едік… Ал нақты міндетін орындауға келгенде былжырап, атала болған миымен өзгелермен алысып, отырад та, "көпбалалы аналар 16 мың тг алады, мұндай байлық ешбір елде жоқ!" деп қытай кеспесін бұқтырып… Креслода ұйықтап отырып 2 млн тг жалақы алатын жұмысты біз 70 емес, 100-ге дейін де істей алар едік", — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.