«7-20-25»: Астанада пәтерлер жәрмеңкесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«7-20-25»: Астанада пәтерлер жәрмеңкесі өтеді

«7-20-25»: Астанада пәтерлер жәрмеңкесі өтеді

Астана қаласы бойынша «7-20-25» бағдарламасы аясында сатылып жатқан пәтерлер #expohomsters жылжымайтын мүлік жәрмеңкесінде ұсынылмақ.

  • 20 Қыркүйек 2018
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат «Баспана» ипотекалық ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Жәрмеңке 22-23 қыркүйекте Mega Silk Way ойын-сауық орталығында өтеді. Оны Homsters.kz онлайн-сервисі ұйымдастырып отыр.

Жәрмеңкеге Астананың 14 тұрғын үй кешенінің өкілдері қатыспақ. Құрылыс компания өкілдері барлық келушілерге «7-20-25» бағдарламасы арқылы берілетін тұрғын үй, оны сатып алудың бағасы мен мүмкіндіктері туралы ақпарат береді.      

Сонымен қатар келушілер екінші деңгейлі банк өкілдері мен «Баспана» ипотекалық ұйымы мамандарынан кеңес ала алады.


 

Соңғы жаңалықтар