«7-20-25». Пәтер алу үшін табыс мөлшері қанша болу қажет? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«7-20-25». Пәтер алу үшін табыс мөлшері қанша болу қажет?

«7-20-25». Пәтер алу үшін табыс мөлшері қанша болу қажет?

«Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ директор департаменті Қанат Абдраимов елордада 15 млн теңгенің пәтерін алу үшін табыс мөлшері 160 теңге көлемінде болу қажет екенін мәлім етті.

  • 28 Қараша 2018
  • 73
Фото - Caravan.kz

Қанат Абдраимов «7-20-25» бағдарламасына қатысу үшін тұрғындардың табысы қанша болуы қажет екенін түсіндірді.

«Мысалы, Астанада пәтердің бағасы 15 млн теңге деп алайық. Демек, азамат ай сайын пәтерге 84 613 мың теңге төлеуі қажет. Енді осы санды екіге көбейтеміз, шамамен 160 мың теңге шығады. Бұл азаматтың ай сайын алатын жалақысы. Енді мұғалімнің жалақысын 60-80 мың деп алайық. Астана қаласындағы орташа жалақы мөлшерін айта алмаймын. Егер азамат пәтер алғысы келіп, бірақ төлем қабілетін растай алмаса, өзге қарыз алушыны көмекке шақыра алады. Туысы болу міндетті емес. Осы табыстың көлемімен өзін (пәтермен – автор) қамтамасыз етуге болады. Осылайша, аталған бағдарламаға қатыса алады», — деді ол Астана қаласы әкімдігінде өткен брифигте.

Ал «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дархан Байқуатов қазіргі таңда «7-20-25» бағдарламасы бойынша банктер жалпы 57 млрд теңгені құрайтын 4 831 өтініш қабылданғанын жеткізді.

«Оның ішінде банктер 37 млрд теңгені қарызға беруге шешім қабылдады. Бұл – 3 144 өтініш. Біз аталған бағдарлама жұмысын сәтті бастап, тиімді жұмыс істеп жатыр деген пікірдеміз. Қазіргі таңда Астана, Алматы және Маңғыстау облысы көш басында келеді. Астанада 15 млрд теңгені құрайтын кредит мақұлданды. 1 мыңнан астам елордалық (пәтер алуға – автор) келісім алды. Бұл – өте жақсы көрсеткіш», — деді төраға.


Осы ретте Дархан Байқуатов аталған бағдарлама бойынша Халық банк, Центркредит, АТФ-банк, Цесна банк, РБК банкі, Еуразиялық банк, Форте банк несие беретінін атап өтті.