"75 елдің жиынына қазақтан сауаты төмен Наурызбай қажы барып, масқара болды": Бас мүфти туралы ақпарат тарады (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"75 елдің жиынына қазақтан сауаты төмен Наурызбай қажы барып, масқара болды": Бас мүфти туралы ақпарат тарады (ВИДЕО)

"75 елдің жиынына қазақтан сауаты төмен Наурызбай қажы барып, масқара болды": Бас мүфти туралы ақпарат тарады (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіге бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жайлы ақпарат тарады. 

  • 7 Ақпан 2023
  • 3273
Фото - Caravan.kz

Видеода Наурызбай қажының баяндама оқығаны түсірілген, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.

Аталған ақпаратты Ораз Әлімбеков фейсбук желісіндегі парақшасында таратты. 

"Индонезияда Бас мүфти Наурызбай қажы масқара болды

Қазақта ет сасыса тұз себесің, тұз сасыса не себесің демекші, діннің басында осындай адам тұрғанда не дейсің? Әшейін уақытта қазақшаны қатырып, ана тілінде ұтымды сөз айта алмайтын адам, арапшаны қалай қатырсын. ҚМДБ-ның төрағасы Наурызбай қажы төралқа жиналысында қазақ тілінде дайындап берген баяндаманы әрең оқиды, арабшаны қайтсін. Сөзге шорқақ, ой түйсігі төмен, мазмұнын келтіре алмайтынын көзі қарақты жамағат әбден біледі.

Муфтиді қорғап, жақсы комментарий жазыңдар деп отыр басшылық! Не деп жазамыз бас мүфти өзін қорғай алмаса, біз оны қалай қорғаймыз?

Имамдарда наразылық білдірушілер көбейіп кетті. Өйткені әділетсіздік пен көзбояушылықтан бәрі шаршады. Күнін әрең көріп жүрген ауыл имамдарына салық салу, қайырымдылық жасату мүфтидің басты тапсырмасы болды. Айта айта Алтайды Жамал апам қартайды демекші ел игілігі үшін қызмет істеп жүрген Имамдар осы пәледен қашан құтылып тыныштық табар екен. Елдің садақасына қарап, қызметті қалай қалтықсыз атқарамыз деген имамдарды жатақхана сал деп әбден әмбебап қылмақшы. Қай имаммен сойлессеңіз де сырты бүтін болғандары мен іші толып, жарылуға дайын.Бар беретіні жүз тенгелік алғыс хат ! Мықты менеджмент болса жалақы мәселесін шешсін.

Бүгін Индонезияның Сурабая қаласында «Ислам фиқһы жаһандық өркениет үшін» бірінші халықаралық конференциясы мәресіне жетті. Екі пленарлық отырыстан тұратын конференцияға әлемнің 75 мемлекетінен 300-ден аса ғалым қатысты. Жиында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазіргі заманауи пәтуа беру мен Ислам фиқһының маңызы турасында арнайы араб тілінде баяндама жасады. Арабистер мына баяндаманы тыңдаса, ұяттан тесік тапса, сол жерге кіретіні ақиқат. Ежелеп әрең оқып отыр. Медресенің бір курс студенттері бас мүфтидің жанында ғұлама екені анық. 75 мемлекеттің жиынына Қазақ елінен сауаты төмен муфти барып, масқара болды. Абыройын айрандай төкті", деп жазды автор.