7,5 миллион теңге: Той иелері мейрамханаға берген ақшаларын қайтара алмай жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
7,5 миллион теңге: Той иелері мейрамханаға берген ақшаларын қайтара алмай жүр

7,5 миллион теңге: Той иелері мейрамханаға берген ақшаларын қайтара алмай жүр

Карантин кезінде өтпей қалған іс-шаралар үшін қазақстандықтар Тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне біраз шағым түсірген.

  • 10 Шiлде 2020
  • 169
Фото - Caravan.kz

Тұрғындарға комитеттің араласуымен қанша қаражат қайтарылғаны туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook парақшасында бөлісті.

Оның сөзінше, ұйымдастырушылар шетелдік әншілердің концерттеріне алынған билеттер үшін де ақшаны қайтаруға асықпаған.

«2020 жылдың 5 айында СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне тоқтатылған концерттер үшін («Руки Вверх» тобының, Нұр-Сұлтан қаласындағы Любовь Успенскаяның концерттері, Белгородтағы «Халық шығармашылығы» фестивалі, «Астана – Опера» театрының қойылымдарына және т.б.) 29 билет бойынша 15 өтініш келіп түсті. Жалпы сомасы — 615 620 теңге. 11 шағым бойынша жұмыс аяқталды және тұтынушыларға 339 620 теңге қайтарылды. Тұтынушылардың тағы 4 шағымы бойынша жұмыс жүргізілуде»,- деп жазды министр.

Ал мейрамханалар мен дәмханаларға қатысты өтпей қалған той-томалақ үшін қаражат қайтару мәселесі бойынша 47 өтініш түскен.


«Қазақстандықтар қайтаруды талап еткен жалпы сома — 7,5 миллион теңгеден асады. Оның 5 млн теңгесі қайтарылды», — деп бөлісті Сұлтанов.

Сондай ақ, аумақтық департаменттер туристік турлар үшін жалпы сомасы 24 158 466 теңге (23 487 016 теңге – шетелдегі демалыс үшін, 671 450 теңге ел ішінде) ақшалай қаражатын қайтару бойынша 85 өтінішті қараған. Соның ішінде тұтынушыларға 4 250 202 теңге қайтарылды. Кейбір өтініштер бойынша тур күндерін ауыстыру туралы тараптардың келісіміне қол жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар