76 жыл бұрын дәл осы күні Лондонда І ЭКСПО арнап салынған Хрустальді сарай жанып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 472.62
  • 513.22
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
76 жыл бұрын дәл осы күні Лондонда І ЭКСПО арнап салынған Хрустальді сарай жанып кеткен

76 жыл бұрын дәл осы күні Лондонда І ЭКСПО арнап салынған Хрустальді сарай жанып кеткен

76 жыл бұрын 30 қараша күні (1936) Лондонда Хрустальді сарай жанып кетті.

  • 30 Қараша 2012
  • 432
Фото - Caravan.kz

Лондонның Гайд-паркіндегі Хрустальді сарай 1851 жылы Бірінші ЭКСПО бүкілдүниежүзілік көрмесін өткізуге орай павильон ретінде салынды. Сарайдың аумағы 90 мың шаршы метрден астам, ұзындығы 564 метр және биіктігі 33 метр болды. Пакстонның жетекшілігімен бой көтерген нысан 14 мың келушіні сыйдыра алды. Англияда бұрын-соңды болмаған темір мен шыныдан тұрғызылған конструкция көрмеге келушілер мен қала тұрғындарында үлкен таңданыс туғызды.

Іс-шара аяқталғаннан кейін сарай қайта бұзылып, жаңа орынға — Лондонның түбіндегі Сайденхем-Хилл елді мекеніне көшірілді. Бірақ 1936 жылдың 30 қарашасы күні тілсіз жау Шыны сарайын түгелімен күлге айналдырды. Өрттің себебін сол күйі ешкім анықтай алмады. Электр сымдарының ескіруі расталуы мүмкін себеп ретінде қарастырылды.

Алғашқы өрт сөндіру көлігі жеткенде ғимарат толығымен отқа оранып жатты, қою түтін алыс қашықтықтан көрініп тұрды. Жалынды ауыздықтауға 88 өрт сөндіру көлігі мен 1 мың адам жұмылдырылды.

Палатадан үйіне қайтқан Уинстон Черчилль: «Бұл бүтін дәуірдің жойылуы», — деп сарайдың жойылуы туралы күйінішпен айтқан болатын. Хрустальді сарай бұдан кейін қалпына келтірілмеді.