77,4 млн. теңге көлеміндегі бюджет қаржысын жымқыру дерегі әшкереленді - ҚР қаржы министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
77,4 млн. теңге көлеміндегі бюджет қаржысын жымқыру дерегі әшкереленді - ҚР қаржы министрлігі

77,4 млн. теңге көлеміндегі бюджет қаржысын жымқыру дерегі әшкереленді - ҚР қаржы министрлігі

ҚР аумақтық казначейлік мекемелеріне жүргізген тексерулер нәтижесінде 77,4 млн. теңге көлеміндегі бюджет қаржысын жымқыру дерегі әшкереленді. Бұл туралы бүгін, 6-қазанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР қаржы министрі Ерболат Досаев хабарлады.

  • 6 Қазан 2003
  • 413
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылатын төлемдердің заңдылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қаржы министрлігі құқық қорғау мекемелерімен бірлесе отырып ел көлемінде кең көлемді тексерулер өткізуде. Еліміздің 8 облысында жүргізілген тексерулер қорытындысы бойынша, 2003-жылдың шілде айында іске асырылған бюджет қаржысын жымқыру әрекеті әшкереленді.

Е.Досаевтың айтуынша, жымқырылған 77,4 млн. теңгенің 13 миллионын күдіктінің әкесі үкіметке қайтарған. Казначейлік мекеменің аумақтық өкілдігінің төлемдер бөлімінің төрайымы болған күдікті, Е.Досаевтың айтуынша, «ұзақ уақыт бойы орталық казначейлік органға келіп түсетін статистикалық мәліметтерді қолдан өзгертумен айналысып келген».
Сондай-ақ, министр Астанадағы бюджет қаржысын жымқыруға қатысты «атышулы» іс туралы еске сала кетті. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, биылғы жылдың 18-тамызында Астана казначейлік мекемесінің қызметкері бастапқы құжаттарды қолдан жасау және шығысқа шығару операцияларын жүзеге асыру арқылы 187 млн. теңге көлеміндегі бюджет қаржысын қолды болдырған . Әшкереленген деректер бойынша, қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүзеге асырылуда деді министр.
Е.Досаевтың пайымдауынша, мұндай оқиғаларға казначейлік жүйесінің жетілдірілмеуі мен өзара үйлессіздік әсер еткен. Қазір Қазақстан казначейлік мекемесі бір-бірінен тәуелсіз екі жүйе бойынша жұмыс істеуде. Министрдің пікірінше, екі жүйенің қай-қайсысында да кемшіліктер бар.
«Еліміздің барлық аймағын біртұтас жүйе бойынша жұмыс істеуге көшіріп, жүйені жетілдірумен бірге оның толыққанды қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет,- деді министр.
Сондай-ақ, министрдің хабарлауынша, аумақтық казначейлік мекемелердің жұмысын тексеру одан әрі жалғасуда. «Өз басым басқа облыстарда бюджет қаржысын жымқыру дерегін әшкерелей алмаймыз дегенге толыққанды кепілдік бере алмаймын»,- деді қаржы министрі.

Соңғы жаңалықтар