7-нші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумына 2 мыңнан аса адам қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
7-нші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумына 2 мыңнан аса адам қатысады

7-нші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумына 2 мыңнан аса адам қатысады

7-нші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумына шамамен 2 мыңнан астам адам қатысаты деп күтілуде.

  • 2 Маусым 2011
  • 372
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде Инвестициялар жөніндегі комитет төрағасы Асылхан Серіковпен кездесуі барысында ДИЭФ Қорының атқарушы директоры Сейд Әбу Бакар Алмодзар мәлім етті.

«Бүгінгі күні алдағы алқалы жиынға қатысу үшін тіркелгендер туралы мәліметтерінің өзі Астанада өтетін 7-нші Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына қызығушылықтың жоғары екендігін көрсетеді. Дайындық мақсатында біз бұған дейін де көптеген жұмыс кездесулерін ұйымдастырған болатынбыз. Сондықтан, форум жоғары деңгейде өтіп, жемісті болады деп сенемін. Бүгінгі күні шамамен форум жұмысына 2 мыңнан астам адам қатысады деп жоспарлануда», — дейді Сейд Әбу Бакар Алмодзар мырза.

Естеріңізге сала кетейік, ДИЭФ Ислам әлемі елдерінің экономикалық ынтымақтастық мәселелерін қозғауды мақсат тұтып құрылған ұйым. Қазіргі күнге дейін осы мұратын жүзеге асырып келе жатқан Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы тәуелсіз ұйым ретінде қалыптасып отыр. Негізі бағдары — экономикалық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктерді ашу. Сондықтан да 7-нші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумының аясында негізінен экономикалық және бизнес мәселелері талқыға түседі.

Соңғы жаңалықтар