Жарияланды: 420

7-нші Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына дайындық Ұйым хатшылығының қағидаттары негізінде жүргізілуде

7-нші Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына дайындық Ұйым хатшылығының қағидаттарын негізге ала отырып, жүргізілуде.

Бұл туралы бүгін Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде Дүниежүзілік ислам конференциясы ұйымының Хатшылық өкілімен кездесуі барысында Инвестициялар жөніндегі комитет төрағасы Асылхан Серіков мәлім етті. «Біздің тарапымыздан форумға әзірлік Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы Хатшылығының қағидаттары бойынша жүргізіліп жатыр. Бұл ретте біз Хатшылықпен тұрақты негіздегі жұмыстарды жолға қойып, жұмыс тобындағы кездесулерін өткізіп келеміз», - дейді А.Серіков. Оның айтуынша, министрлік жанындағы 7-нші Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына әзірлік жөніндегі штабта шаралар негізінен екі бағытта жүргізіліп жатыр. Оның бірі ДИЭФ үшін дәстүрлі, міндетті іс-шаралар болса, екінші бағыттағы жұмыс мазмұндық бөлікті қамтиды. Өз кезегінде ДИЭФ Қорының басқарма директоры Сейд Әбу Бакар Алмодзар мырза дайындықтың дұрыс форматта жүргізіліп отырғанын атап өтіп, алдағы алқалы жиынның сәтті өтетініне сенім білдірді. Естеріңізге сала кетейік, 7-нші Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы Астанада 7-9 маусымда өтеді деп жоспарлануда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть