7-Қысқы Азия ойындарының алғашқы күні «динамошылар» 3 алтын, 3 күміс медаль алды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
7-Қысқы Азия ойындарының  алғашқы күні «динамошылар» 3 алтын, 3 күміс медаль алды

7-Қысқы Азия ойындарының алғашқы күні «динамошылар» 3 алтын, 3 күміс медаль алды

Бүгін Астана мен Алматыда өтіп жатқан 7-Қысқы Азия ойындарында 14 медальдар топтамасы сарапқа салынды.

  • 1 Ақпан 2011
  • 648
Фото - Caravan.kz

Онда қазақстандық спортшылар 6 алтын, 7 күміс, 6 қола медаль олжалады. Оның алтауын «Динамо» денешынықтыру және спорт қоғамы мүшелері иеленді. Атап айтқанда, шаңғы жарысынан — Алексей Полтаранин, фристайлдан — Дмитрий Рейхерд, Юлия Галышева алтын, ал биатлоннан — Елена Хрусталева, тау шаңғысынан Игорь Закурдаев, конькимен жүгіруден Дмитрий Бабенко күміс жүлдегер атанды. Жалпы, динамошылар Азия ойындарында 11 спорт түрінің 9-ы бойынша қатысып жатыр. Онда шаңғы жарысы ( 3), коньки жарысы (7), фристайл ( 5), биатлон ( 6), шорт-трек (3), тау шаңғысы (1), тұғырдан шаңғымен секіру (3), мәнерлеп сырғанау (1) және шайбалы хоккей (14) бар.