7-ші Қысқы Азия ойындары Алау эстафетасына барлығы 1020 алаугер іріктеп алынады - Н.Нұров - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
0 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
7-ші Қысқы Азия ойындары Алау эстафетасына барлығы 1020 алаугер іріктеп алынады - Н.Нұров

7-ші Қысқы Азия ойындары Алау эстафетасына барлығы 1020 алаугер іріктеп алынады - Н.Нұров

7-ші Қысқы Азия ойындары Алау эстафетасына барлығы 1020 алаугер іріктеп алынады. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның Орталық аппаратында өткен брифингіде Ақ Азиаданы өткізу бойынша елордалық дирекцияның директоры Наиль Нұров мәлім етті.

  • 6 Қазан 2010
  • 658
Фото - Caravan.kz

«Азия ойындарының тарихында алғаш рет қысқы Алау эстафетасы өткізіледі. Ол қаңтардың 11-і күні Азия ойындарының штаб-пәтері орналасқан Әл-Куәйт қаласында тұтанады. Қаңтардың 12-сінен бастап алау еліміздің барлық өңірлерін аралайды да, қаңтардың 30-ы күні Астанаға жеткізіледі. «Астана-Арена» стадионында өтетін Азия ойындарының ашылу салтанаты барысында Олимпиада алауының басты қазандығы жағылады», — деді Н.Нұров.

Оның айтуынша, Алау эстафетасына 1020 алаугер іріктеп алынады. Оның 100-і Эстафета алауын — елордада, 80 — Алматыда және 60 — әрбір облыс орталықтарында алып жүреді.