Қысқы Азия ойындарының киелі алауы Кувейттен 2011 жылдың 12-ші қаңтарында қазақ жеріне келіп, Алматы қаласынан бастау алған эстафета республиканың барлық қалаларын аралап шығады.
Эстафета қаланың барлық басты көшелерін басып өтіп, алау оңтүстік астананың маңызды бұрыштарын жарқырата түспек.
Алау эстафетасы халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешенінен бастау алып, Астана алаңында мәреге жетеді. Эстафета бағыты әл-Фараби даңғылынан бастап Фурманов, Сәтбаев, Байтұрсынов көшелерімен жалғасып, Абай даңғылынан Достық, Шевченко, Қонаев, Қабанбай, Абылайхан даңғылдарын басып өтеді. Бағыттың жалпы ұзақтығы 11,7 км-ге жалғасып, алау жанған 80 шырағдан алып өтілмек.
2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарының Алматыдағы дирекциясының директоры Сұлтанбек Сыздықовтың айтуынша, эстфета бағытын жасауда қаланың тарихи назар аудараралық тұстары мен Азиада барысында салынған жаңа кешендерді көрсету қамтылған.
Алау 20 күн аралығында Қазақстанның 16 қаласын аралап, қаңтардың 30-ы күні Астанадағы «Астана-Арена» футбол стадионындағы қысқы Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне әкелінеді.