7-ші қысқы Азия ойындарына арнап соғылған алтын шақа 9 млн. теңгеге сатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.66
  • 580.59
+13 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
7-ші қысқы Азия ойындарына арнап соғылған алтын шақа 9 млн. теңгеге сатылды

7-ші қысқы Азия ойындарына арнап соғылған алтын шақа 9 млн. теңгеге сатылды

2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарына арнап соғылған алтын тиын Атырауда 9 млн. теңгеге сатылды, деп хабарлады «Ақ Жайық» газеті.

  • 6 Желтоқсан 2012
  • 422
Фото - Caravan.kz


50 мың теңгелік тиын алтыннан жасалған, сынамасы — 999. Оның салмағы 1 келіні құрайды. Елімізде мұндай алтын тиындардың 145-і шығарылған болатын. Хабарланғандай, Ұлттық банктің филиалы 3 алтын тиынның біреуін сатты. Оны жергілікті тұрғын сатып алды. Филиал өкілінің айтуынша, коллекциялық тиындарға экспаттармен қатар, қала тұрғындары да қызығушылық білдіреді. Біріншілерді «Жібек жолы», «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» және «Алтын барыс» сынды ұлттық сериялар қызықтырады.