7-ші Қысқы Азия ойындарының Алау құтысының тұсаукесері ойындардың салтанатты ашылуына 100 күн қалғанда өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
7-ші Қысқы Азия ойындарының Алау құтысының тұсаукесері ойындардың салтанатты ашылуына 100 күн қалғанда өткізіледі

7-ші Қысқы Азия ойындарының Алау құтысының тұсаукесері ойындардың салтанатты ашылуына 100 күн қалғанда өткізіледі

7-ші Қысқы Азия ойындарының Алау құтысының тұсаукесері, ойындардың салтанатты ашылуына 100 күн қалғанда, яғни қазанның 22-сі күні өткізіледі. Бұл туралы бүгін ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Азия ойындары Алау Эстафетасы дирекциясы басшысының орынбасары Сәрсен Құранбек мәлім етті.

  • 2 Қыркүйек 2010
  • 596
Фото - Caravan.kz

«Азия ойындарының Алау құтысының тұсаукесері қазанның 22-сі күні өткізілетін болады. Естеріңізде болса, барлық Олимпиада ойындарында құты ойындарға 100 күн қалған кезде жағылады. Бұл қалыптасқан дәстүр», — дейді ол.

С.Құранбек атап көрсеткендей, құтының тұсаукесері әсерлі үлкен шоу бағдарламаның сүйемелдеуімен Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтеді. «Шараның маңызы да, жауапкершілігі де жоғары болғандықтан оған тыңғылықты дайындықтар бүгіннен жүргізілуде», — деді.

Дирекция өкілінің сөзіне қарағанда, Азиада Алауының құтысы әлі дайын емес.

Бұған дейін хабарланғандай, Алау құтысы мен онымен бірге Эстафета барысында өңірлерді бірге аралайтын — жылжымалы қазандықты дайындау, олимпиадалық ойындардың атрибутикаларын әзірлеумен айналысатын қытайлық компанияға тапсырылды.

Құтының салмағы 1 келі 350 грамм шамасында, ұзындығы — 65-66 сантиметр. Факел түсті металдардың қоспасынан дайындалуда және ол ауа райының барлық жағдайына төзімді болады. Оның дизайнының негізіне Алматы маңында табылған, біздің жыл санауымызға дейінгі І-ІІІ ғ. жататын сақтардың жарықтандырғыш құралы алынды. Ұлттық нақыштар жылжымалы қазандықта да бедерленетін болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера