8 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруіне тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
8 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруіне тыйым салынды

8 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруіне тыйым салынды

АҚШ жоғарғы соты 8 ел азаматтарының елге кіруіне тыйым салуды мақұлдады

  • 6 Желтоқсан 2017
  • 163
Фото - Caravan.kz


Иран, Йемен, Ливия, Сирия, Сомали және Судан, Солтүстік Корея және Венесуэла азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салынды. Рейтерстің хабарлауынша, Құрама Штаттардың жоғарғы соты бұны заңды деп таныды.  Сол-ақ екен, Ақ үй алдына жүздеген адам жиналып, бұл тыйымға қарсылықтарын білдірді, деп хабарлайды Астана арнасы. 

Айта кетейік, Америка басшысы Дональд Трамп президенттік қызметіне кіріскен кезде, аталған елдердің азаматтарына АҚШ-қа 90 күнге дейін кіруге болмайды деген үкім шығарды. Алайда сол кезде федералды соттар Трамптың бұл шешімін жүзеге асыруға рұқсат бермеді. Қыркүйек айында бұл тізімге Венесуэла, Солтүстік Корея және Чад қосылды. Трамптың пікірінше, бұл шектеулерді ол америкалықтардың қауіпсіздігі үшін енгізіп отыр. Өйткені мигранттар арасында қарақшылар мен қылмыскерлер көп деді. Ақ үй басшысы тіпті Америка мен Мексика арасына алып қабырға орнатуды тапсырды. Ал құқық қорғаушылар бұл үкім адамдардың құқына қарама-қайшы деп отыр.