Ақын өзінің желідегі парақшасында күйеуінің бағалы сыйлығы өзге де қыздарға да жұғысты болсын деген тілек айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«8 Март, туған күн, жаңа жыл дегенді білмейміз, мүлдем сыйлық күтпейміз. «Жоқ» деп айтатын болды ғой қазір. Әйтеуір Оразада мынадай сыйлыққа ие болып жатырмын. Алла разы болсын. Бұл кісі қазір не айтса да үндемей отырмын, қазір мынаны алып алайын.
Қыздар барлыңтарыңызға жұғысты болсын. Алла қаласа «Құндылық» сабағына қатысқаннан кейін «Cartier»-ден шықпай жүріңіздер», — деп жазды ол.