Жарияланды: 340

8 маусымда Алматыда ШЫҰ елдері бас прокурорларының отырысы өтеді

8 маусымда Алматы қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттердің бас прокурорларының 9-шы отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР бас прокуратурасының ресми өкілі Жандос Өмірәлиев хабарлады.

«Осы іс-шараның шеңберінде есірткі заттары мен қару контрабандасына, адамдарды сатуға бірлескен қарсы іс-қимыл саласындағы жағдайды қарау жоспарланып отыр. Сондай-ақ тараптар қылмыстық жолмен алынған кірістерді шығу еліне қайтару жөнінде өзара іс-қимыл жасау мәселелерін талқылайтын болады», - деп мәлім етті ол дүйсенбі күні брифингте. Оның айтуынша, отырысқа Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан бас прокуратураларының басшылары қатысады. Ведомство өкілі «жаһандану процесі қылмыстың сипатын маңызды өзгерткенін» атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан ұйымның белсенді қатысушы бола тұрып, осы бағытта жүйелі шаралар қабылдайды», деді Ж. Өмірәлиев. «ШЫҰ отырысын өткізу, оның қорытындылары бойынша қабылданған шешімдер Ұйымға мүше елдердің прокуратура органдарының байланыстары мен ынтымақтастық деңгейін одан әрі нығайтуға, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес тиімділігін арттыруға ықпал ететініне сенімдіміз», - деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть