8 облыста аптап ыстық болады - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
8 облыста аптап ыстық болады

8 облыста аптап ыстық болады

Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі.

  • 5 Тамыз
  • 8
Фото: ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК ел аумағында 5 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райын сақтайтын болады: найзағаймен жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл күтіледі, еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында қатты жаңбыр жауады.

Еліміздің тек оңтүстігінде және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі.

«Күндіз Алматы, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Жетісу облыстарында, Ұлытау облысының батысында қатты ыстық болады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі.

Алматы, Атырау, Жетісу, Абай облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Ақмола облысының оңтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады», — деп жазды синоптиктер.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Атырау облысының оңтүстік бөлігінде, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.