8 қазан. АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
8 қазан. АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

8 қазан. АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

8 қазан. СЕЙСЕНБІ

Македония Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1991). Македония - Балқан жарты аралында ораласқан мемлекет. Солтүстігінде Сербиямен, шығысында Болгариямен, оңтүстігінде Грекиямен, батысында Албаниямен шектеседі. Астанасы - Скопье қаласы. Мемлекеттік тілі - македон тілі. Ақша бірлігі - македон динары.

Гомеопатия күні. Ресейдің гомеопат дәрігерлерінің ұсынысымен 2004 жылдан бастап Ресейде жыл сайын аталып өтіледі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

15 жыл бұрын (1998) Қазақстан Республикасы Парламентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысы қабылданды.

14 жыл бұрын (1999) Президент Н.Назарбаев АҚШ Президентінің Каспий аймағының энергетикалық мәселелер жөніндегі арнайы көмекшісі Д.Вульфты қабылдады. Кездесу барысында тараптар қазақстандық мұнайды әлемдік нарықта тасымалдау мәселелері және АҚШ Президентінің өкілі ұсынған Баку-Жейхан құбыр желісінің жобасы егжей-тегжейлі талқыланды.

8 жыл бұрын (2007) Семейдегі Невзоровтар отбасы атындағы Бейнелеу өнері мұражайы жаңа жәдігермен толықты. Абай ауданының тұрғыны Жәнібек Молдахан мұражайға тастан қашалған жауынгердің мүсінін тарту етті. Тасмүсін табылған жерге аттанған өлкетанушы-ғалымдар, бұл осыдан 1 мың жылдай бұрын қашалған түркі жауынгерінің бейнесі деген пайымдау жасап отыр. Өлкетанушылар: тас мүсін көне түркілердің әдетте зират басына қоятын дәстүрлі ескерткіші болып табылады және оның көмегімен байырғы көшпелілер дүниенің төрт бұрышын бағдарлаған деген пайымдауды ұсынып отыр.

4 жыл бұрын (2009) Астанада Елбасының қатысуымен Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіштің ашылу рәсімі өтті.
Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіш Астана қаласының Ташенов көшесінің бойындағы жасыл саябақта орналасқан. Ескерткіш қоладан, ал тұғыры - граниттен жасалған. Биіктігі - 4,4 метр, салмағы - 5,5 тонна. Оның құрылысына 0,0625 гектар жер телімі берілді.

3 жыл бұрын (2009) С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми-зерттеу орталығы базасында «Ядролық технологиялар және қайтарымды энергетика технологиясы» ұлттық ғылыми зертханасының таныстырылымы өтті.

Ұлттық ғылыми зертхананың құрылымына ядролық-магнитті резонансты-спектроскопия зертханасы, қолданбалы және радиациялық физика зертханасы, математикалық модельдеу зертханасы кірді. Ядролық технологиялар және орны толатын энергетика технологиясы зертханасы - мұндай жалғыз зертхана. Елімізде осындай бес Ұлттық зертхана бар, солардың ішінде тек осы зертхана ғана аймақтық университеттің құрылымына кіреді. Себебі, университет аймақтың ірі кәсіпорындарымен, ҚР Ұлттық ядролық орталықпен бірлескен жобалар атқарады. Зертхана ядролық физика, қайтарымды энергетика, конденсатты жағдай физикасы және материалтану, химия, медицина, фармакология, экология салаларында ғылыми зерттеулер өткізу үшін құрылып отыр.

ЕСІМДЕР

65 жыл бұрын (1948) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Жігер» жастар шығармашылық фестивалінің лауреаты АЗОВСКАЯ Татьяна дүниеге келді.
Орал қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Семей облыстық «Ертіс» газетінде тілші, Ақтөбе драма театрында әдеби қызметкер, «Приуралье» газетінде тілші болған. Ақынның «Благодарю судьбу», «Письмо из Осени», «Смуглое лето» атты жыр жинақтары жарық көрген.


89 жыл бұрын (1924) қазақтың ақыны СЕЙІЛЖАНОВА Гүлсім дүниеге келді.
Алматы облысы Жамбыл ауданының Ақсеңгір ауылында туған. Алматы санақ техникумын бітірген.
1943-1951 жылдары ұшымшарда есеп қызметкері, бас бухгалтері, кітап дүкенінің директоры болып жұмыс істеген. 1952-1959 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының фольклор бөлімінде, 1959-1973 жылдары Республикалық халық творчествосы үйінде қызметтер атқарған.
1957 жылдан шығармалары баспасөзде жарияланған.
1970 жылы орыс тілінде шыққан «Көктем жаңбыры», 1981 жылы «Ғажайып бақ» аталған қазақ ақын қыз-келіншектерінің жинағына енген бір топ өлеңдердің, балаларға арналған «Біздің ауыл бақшасы» суретті кітапшасының авторы.

73 жыл бұрын (1940) актриса, Қазақ КСР-нің халық әртісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі БАҒЫСОВА Жібек Есекейқызы дүниеге келді.
Ақмола облысында туған. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры жанындағы әншілік-хор студиясын бітірген.
1960-1995 жылдары Қызылорда облыстық драма театрында, 1995 жылдан Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық музыкалық драма театрында өнер көрсетеді.
Ол ойнаған Қарагөз, Қарлыға, Жүзтайлақ (М.Әуезовтің «Қарагөзінде», «Қара қыпшақ Қобландыда», «Түнгі сарында»), Ақтоты (Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтотысында»), Ева Броер (Қ. Мұхамеджановтың «жат елдесінде»), Ажар (С.Жүнісовтің «Ажар мен ажалында»), Қамажай (Д.Исабековтің «Әпкесінде»), Әлиман мен Толғанай («Ш.Айтматовтың повесі бойынша қойылған «Ана - Жер анасында»), Шапақ (М. Кәрімнің «Ай тұтылған түнінде»), Тата Нерадова (А.П. Штейннің «Толасында»), Регана (У. Шекспирдің «Король Лирінде»), т.б. рөлдер актриса талантын танытты. Ол жасаған сахналық бейнелердің ұлттық бояуы айқын. Сонымен қатар сахнада кейіпкердің ішкі толғаныстарын, психологиялық көңіл-күйлерін терең ашуымен ерекшеленеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталған.

63 жыл бұрын (1950-2007) ақын, журналист, аудармашы АҚЫПБЕКҰЛЫ Өтепберген дүниеге келді.
Алматы облысының Ақсу ауданында туған. Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1973-1985 жылдары Қапал аудандық «Қапал еңбеккері» газетінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, кейіннен облыстық «Октябрь туы» газетінде жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1985-1995 жылдары республикалық «Қазақ әдебиеті», «Жалын», «Денсаулық», «Жанашыр», «Халық Конгресі» газет, журналдарында аға тілші, бөлім меңгерушісі, бөлім редакторы, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары болып қызмет істеді. 1995-1998 жылдары Республикалық «Қазгидромет» агенттігінде, ҚР Парламенті Мәжілісінде, ҚР Ұлттық Банкісінде аға референт, кеңесші, ҚР Әділет министрлігінің Ішкі әкімшілік департаменті Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. Бірнеше дүркін Қазақстан Жазушылар одағы, Қазақстан ЛКЖО Орталық комитеті мен «Жалын» баспасының бірлескен дәстүрлі конкурсының және республикалық, халықаралық мүшәйралардың жүлдегері атанған. Әр жылдары: «Доп», «Футболшы боламын», «Жарыс», «Жарыстан соң жарыс», «Жылдың төрт мезгілі», «Балабақтың бір күні», «Қырық қызық», «Балдай тәтті әліппе», «Ажарлы Астана», «Керек кітап», «Мен таңдайтын мамандық», т.б. балаларға арналған өлең кітаптары мен кітапшалары жарық көрген. «Шекара әскерінің үздігі» құрмет белгісімен және медальмен марапатталған.

58 жыл бұрын (1955) «КаспийМұнайҚұрылыс» АҚ-ның Басқарма төрағасы СҮЙІНДІКОВ Жаңабай дүниеге келді.
Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында туған. Қарағанды политехникалық институтын (қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті), Қазақ мемлекеттік басқарма академиясы жанындағы Нарық институтын (қазірігі Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университет) бітірген.
1983-1987 жылдары - Каспий маңындағы Құрылыс басқармасынның мастері, прорабы, бастығы. 1987-1988 жылдары - «Союзтермнефть» К аспий маңындағы Машина құрылыс кешенінің бас инженері. 1988-1992 жылдары - Бұзаншы құрылыс-монтаждау басқармасының бастығы. 1992-1994 жылдары - «Нафта» фирмасының бастығы. 1994-2005 жылдары - «Нефтебанк» ААҚ-ның Басқарма төрағасы және Директорлар Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған. 2001 жылдан - өзінің бастамасымен құрылған «КаспийМұнайҚұрылыс» ЖАҚ басқарып келеді (2006 жылдан бастап Акционерлік қоғам). Бірнеше рет Маңғыстау облыстық мәслихатқа депутат болып сайланған.
«Қазақстан Республикасына 10 жыл» медалімен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Құрмет грамотасымен, Қазақстан кәсіпкерлері Форумының «Қазақстанның үздік кәсіпкері» атты грамотасымен марапатталған.

102 жыл бұрын (1911-1993) техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері КАЛИНИН Сергей Ксенофонтович дүниеге келді.
Ресейдің Екатеринбург облысында туған. Мәскеу политехникумын, Қазақ политехникалық институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1933-1941 жылдары Екатеринбургтегі Орал химия-технология институтының ғылыми-техникалық қызметкері болған. 1933-1941 жылдары - КСРО ҒА Қазақ филиалы химия зертханасының ғылыми-техникалық қызметкері, зертхана меңгерушісі. 1945-1957 жылдары - Қазақстан ҒА Астрономия және физика институтының зертхана меңгерушісі. 1953-1957 жылдары - Қазақстан ҒА Физика-техника институты директорының орынбасары. 1957-1961 жылдары - Қазақстан ҒА Ядролық физика институтының зертхана меңгерушісі. 1961-1993 жылдары Қазақстан ҒА Геология ғылымдары институтының сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісі болған. Негізгі ғылыми еңбектері атомдар мен молекулалардың оптикалық спектрлерін зерттеуге және жүйелеуге, спектрлік талдаудың өзекті мәселелерін тұжырымдауға арналған.
Халықтар достығы, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

82 жыл бұрын (1931-1989) техника ғылымының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген өнертапқышы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ҚҰРМАНҒАЛИЕВ Марат Рамазанұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Бауман атындағы Мәскеу техникалық училищесін бітірген. 1955 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан ҒА Энергетика ғылыми-зерттеу институтының зертханашысы, кіші, аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі болған. Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанда өндірілетін көмірлерді циклондық оттықта жағу процестеріне арналған. Қуаты күшті энергетикалық қондырғылардың көміртозаңдандырғыш қазандықтарда сапасы төмен көмірлерді жағу құбылыстарын оттық модельдерде зерттеу әдістемесін өндіріске енгізді. Көмірді қайнаған қабатта, кейінірек айналмалы қайнаған қабатта жағуды зерттеген. 200-ден астам ғылыми еңбектің, 5 монографияның, 50-ден астам патенттің авторы.
Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

51 жыл бұрын (1962) «Нұр Медиа» холдингінің бас директоры БАЙЖАНОВ Ерлан Сапарұлы дүниеге келді.

  • 8 Қазан 2013
  • 784
Фото - Caravan.kz

Алматы қаласында туған. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (1985ж.), М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1988ж.) бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты.

1989-1990 жж. — С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы. 1990-1991 жж. — «Советы Казахстана» газеті редакциясының парламенттік шолушысы, бөлім меңгерушісі. 1991-1996 жж. — кәсіпкерлік саласында жұмыс істеді. 1996 жылдың сәуірінен — СІМ баспасөз қызметінің бірінші хатшысы, СІМ ақпарат және баспасөз бөлімінің меңгерушісі. 1997 жылдың қаңтарынан — ҚР Президенті Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі, ҚР Президенті Баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары. 2004 жылдың наурызынан — Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігінде кеңесші-уәкіл, Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі Шарт ұйымында өкілетті өкіл. 2005 жылдың тамызынан — ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт бірінші вице-министрі. 2006 жылдың ақпанынан — ҚР Президентінің Әкімшілігі Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі. 2007 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды. 2008-2010 жылдары — «Арна медиа» ұлттық ақпараттық холдингінің басқарма төрағасы. 2009-211 жылдары — «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры. Қазіргі қызметінде — 2011 жылғы желтоқсаннан бері.

«ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен, ҚР Президентінің Алғысхатымен марапатталған.

42 жыл бұрын (1971) «Сарыарқа» Әлеуметтік-кәсіпкерлері корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы. ӘБІЛДА Талғат Амангелдіұлы дүниеге келді.

Ақмола облысында туған. Целионоград автомобиль көлігі техникумын, Орынбор мемлекеттік университетін, Кино және телевидение техникалық-экономикалық академиясын, РФ Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. 1993 жылы — «Қалқаман-Астық» ЖШС менеджері (Астана қ.). 1996-1998 жылдары — «АқмолаМұнайГаз Сауда» ЖШС директоры. 1998-2002 жылдары — «Құлагер» сауда үйі» ЖШС бас директоры. 2003-2004 жылдары — «Қарағанды «Қалалық су арнасы» АҚ коммерциялық директоры. 2004-2006 жылдары — «Нұр Астық 2004» ЖШС директоры. 2006-2008 жылдары — «Абылайхан» ЖШС директоры. 2008-2009 жылдары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да кен рудалары активі дирекциясының бас сарапшысы. 2009-2010 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» корпоративтік хатшысы. 2010-2011 жылдары — Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары. 2011-2012 жылдары — Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. Қазіргі қызметінде — 2012 жылғы шілдеден бері.

38 жыл бұрын (1975) «Атакент» көрме кеені» басқарма төрағасы АБДУЛЛАЕВ Серік Қалықұлы дүниеге келді.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Денвер Университетін (АҚШ) бітірген. 1999 жылы — «Қазақстанның Халық банкі» АҚ несие маманы. 1999-2000 жылдары «Бизнес-орталық" БК клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджері. 2000-2002 жылдары — «Атадан» БК бас директоры. 2002-2003 жылдары — «КЕГОК» АҚ жобаларды басқару департаментінің жетекші маманы. 2003-2005 жылдары — «Еуролюкс» жиһаз орталығы» ЖШС бас дриекторы. 2005-2006 жылдары — «Атакент» АҚ жобаларды дамыту департаментінің директоры. 2006-2009 жылдары — «Атакент» АҚ вице-президенті. 2009 жылғы сәуірінен — «Атакент» АҚ президенті. 2009 жылдан бастап — «Atakent Asia Development» ЖШС бас директоры.

30
жыл бұрын (1983) «Қазақстанның Даму банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары ҚАРАҚҰЛОВ Миржан Елдесұлы дүниеге келді.

Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтының (КИМЭП) түлегі. «Болашақ» халықаралық Президенттік бағдарламасының стипендиаты, экономика саласындағы магистр дәрежесімен Вандербилт (АҚШ) университетін үздік аяқтады. Қазақстанның Даму Банкі, АҚ-ға келердің алдында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-да, «Самұрық» холдинг» АҚ-да, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да, «Қазақстан Халың Банкі» АҚ-да аудит және тәуекел-менеджмент саласында жұмыс істеді. 2009 жылғы шілдеден бастап Даму банкінің Тәуекел-менеджмент департаментінің директоры. Қазіргі қызметінде — 2010 жылғы мамырдан бері.

77 жыл бұрын (1936) жазушы ҚАТЖАНҰЛЫ Шабдарбай дүниеге келді.
Монғолияның Баянөлгей аймағында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Жазушының «Аға жолы», «Көрімдік», «Күн ашық», «Қалқатай», «Керім-ау айдай», «Өз қолымен», «Алтай суреті», «Өмір ізі» атты жыр және прозалық кітаптары бар.

142 жыл бұрын (1871-1949) орыстың кәсіби палуаны, РКФСР-дің еңбек сіңірген әртісі, еңбек сіңірген спорт шебері ПОДДУБНЫЙ Иван Максимович дүниеге келді.
Ол кәсіби палуандар арасында классикалық күрес түрі бойынша әлем чемпионаттарының бірнеше мәрте жүлдегері. Боз кілемде өткен 40 жылдық өміріндегі чемпионаттардың ешқайсысында жеңіліп көрмеген. Әлемге «чемпиондардың чемпионы», «орыс батыры» ретінде танылған. Сонымен қатар қазақ палуаны Қажымұқанның ұстазы болған.
Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.

165 жыл бұрын (1848-1932) француз композиторы, «Интернационал» гимні музыкасының авторы Пьер ДЕГЕЙТЕР дүниеге келді.

121 жыл бұрын (1892-1941) орыс ақыны ЦВЕТАЕВА Марина Ивановна дүниеге келді.

106 жыл бұрын (1907-1939) кеңес ұшқышы, КСРО Батыры ОСИПЕНКО Полина Денисовна  дүниеге келді.

82 жыл бұрын (1931-1993 кеңес жазушысы және сценарист СЕМЕНОВ Юлиан Семенович (шын тегі — Ляндрес) дүниеге келді.

77 жыл бұрын (1936) кеңес және ресей киноактері, РСФСР халық әртісі КУРАВЛЕВ Леонид Вячеславович дүниеге келді.

53 жыл бұрын (1960-2009) Rambler алғашқы орыс іздеу жүйесін жасаушы КРЮКОВ Дмитрий Витальевич дүниеге келді.