8 қазақстандық Уханнан Ресей мен Өзбекстанға эвакуацияланған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
8 қазақстандық Уханнан Ресей мен Өзбекстанға эвакуацияланған

8 қазақстандық Уханнан Ресей мен Өзбекстанға эвакуацияланған

Сегіз қазақстандық Уханнан Ресей мен Өзбекстанға эвакуацияланған.

  • 5 Ақпан 2020
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

"Қазақстандық тараптың өтініші бойынша бүгін түнде Қытайдың Ухан қаласынан Ресей мен Өзбекстанның арнайы борттарымен біздің тағы 8 азаматымыз қауіпсіз жерге көшірілді. Біздің бес азаматымыз Ташкент қаласында екі апталық дәрігерлердің бақылауында, ал қалған үшеуі Түмен қаласында қадағалауда болады", — делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, эвакуацияланғандар арасында осыған дейін ҚХР-ның эпидемиологиялық қызметтерімен дене қызуы салдарынан шығарылмаған Яньцзы Университетінің 1 курс студенті бар.


Отырғызу алдында ҚР азаматтары қосымша медициналық тексеруден өтіп, олардың арасында дене қызуы немесе коронавирус симптомдары бар адамдар анықталған жоқ.

3 ақпанда Қазақстан Ухан қаласынан өзінің 83 азаматын, соның ішінде 80 студентін эвауациялағанын еске саламыз.

Соңғы жаңалықтар