Бұл туралы Азаттық хабарлайды.
Қытай билігі салмағы сегіз тонналық Tiangong-1 зертхана аппараты зиян келтіре қоймайды, бірақ атмосфераға еніп жанған кезде метеорит ағыны тәрізді көкте әдеттен тыс ерекше құбылыс байқалуы мүмкін деп мәлімдеген.
"Адамдар ештеңеден қауіптенбеуіне болады", — деп хабарлаған Қытай ұлттық ғарыш басқармасы WeChat әлеуметтік желісіндегі аккаунтында.
Мұндай ғарыш нысандары "Жерге ғылыми-фантаситкалық фильмдердегідей күрт құлап түспейді, алайда керемет [метеорит ағыны] жұлдызды аспанда Жерге қарай зулап келе жатқаны көрінеді" делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз:
Елімізде табыт бағасы мен жерлеу қызметі қымбаттады