8 жасар қазақ баласы Нью-Йоркте өткен турнирде жеңімпаз атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
8 жасар қазақ баласы Нью-Йоркте өткен турнирде жеңімпаз атанды

8 жасар қазақ баласы Нью-Йоркте өткен турнирде жеңімпаз атанды

Қазақтың қаршадай баласы теннистен Нью-Йоркте өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды. 8 жасар Жақас Қозыбақтың ойнау мәнерін мамандар белгілі теннисшілерге ұқсатып үлгерді, деп хабарлайды «Хабар» арнасы. 

  • 3 Қыркүйек 2015
  • 337
Фото - Caravan.kz


Бір кездері дәл осы кортта белгілі теннисші Энди Роддик үлкен спорттағы жолын бастаған еді. Ал қазір бұл жерде жыл сайын жас теннисшілер арасындағы «Little Mo» турнирі өтеді.

Соңғы өткен сайыста 8 жасар қызылордалық спортшы Жақас Қозыбақ ерекше көзге түсті. Осыған дейін АҚШ-тың Флорида штатында өткен додада топ жарған қазақтың қаршадай баласы Нью-Йоркте де ешкімге есе жібермеді.

-Теннистен асатын спорт түрі жоқ деп ойлаймын. Мен қарсыластарымның барлығын 6-0 есебімен жеңемін. Есейген соң «Үлкен дулыға» турнирлерін ұтып алғым келеді. Мен теннисті ата-анамды, Қазақстанды және әлемді қуанту үшін ойнаймын, — дейді теннистен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанған Жақас Қозыбақ.

Қазақ баласы көзге түскен жарыс үлкен теннистегі ірі турнир «US Open»-мен қатар өтті. Ұйымдастырушылар мұны жақсылыққа балап, жастардың болашағына үлкен үміт артты.

Соңғы жаңалықтар