8 жылда Астанада негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6,3 есе өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
8 жылда Астанада негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6,3 есе өсті

8 жылда Астанада негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6,3 есе өсті

8 жылда Астанада негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6,3 есе өсті. Бұл туралы бүгін, 20-маусымда парламенттегі үкіметтік сағат барысында Астана әкімі Өмірзақ Шүкеев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Маусым 2005
  • 524
Фото - Caravan.kz

«1997-жылдан бері негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6,3 есе өсті. 2004-жылы бұл инвестицияның көлемі 192 млрд. теңгені құраса, биылғы жылдың қаңтар-мамыр айларында инвестиция көлемі тағы 38 млрд. теңгеге өсті»,- деді Ө.Шүкеев. «Аталған мерзімде мемлекеттік инвестициялардың үлес салмағы негізгі капиталға салынған жалпы инвестиция көлемінің 33,4 процентін құрады»,- деді ол.

«Бүгінде Елордасын дамытуға арналған инвестиция еліміздің энергетикалық кешеніне жұмсалған инвестициямен бірдей пайдалы болуда. Астана — ұлттық экономиканы дамыту көзіне айналды»,- деді қала әкімі.
Оның айтуынша, Елордасын көшіргеннен бері «Астана қаласының аймақтық жалпы өнім мөлшері қолданыстағы бағаға сәйкес 12,7 есе өссе, республиканың Жалпы ішкі өнімі құрамында Астананың үлесі 4 есе өсті». «Егер 1997-жылы Елордасы аймақтық жалпы өнім мөлшері бойынша аймақтар арасында соңғы орында болса, қазір бесінші орынға шықты»,- деді Ө.Шүкеев.
«2004-жылы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 47 млрд. теңгені құрап, 1997-жылғымен салыстырғанда 2 есе өсті. Биылғы жылдың қаңтар-мамыр айларында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 20 млрд. теңгеден асты»,- деді ол.
Ө.Шүкеевтің айтуынша, «8 жылдың ішінде қалада жұмыс істейтін шетелдік және бірлескен кәсіпорындар саны 10 есе өсіп, 40-тан 409-ға жетті. Ал олардың жиынтық капиталы 100 есе өсіп, 231 млн. теңгеден 25 млрд. теңгеге жетті».

Перейти к новостям спорта